Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаға зиян тигізетін 8 танымал ойыншық

Ойыншық ойнау арқылы бала айналаны танып, дамиды. Алайда балаға пайдасынан қарағанда зияны шаш-етектен болатын ойыншықтар да кездеседі. Бүгін балаға зиянын тигізуі мүмкін 8 ойыншық туралы айтамыз.

Құрамында пропеллері бар ойыншықтар

Құрамында пропеллері бар тікұшақтар, сондай-ақ, басқа да ойыншықтар жасөспірімдерге арналған. Кішкентай балалар мұндай заттарды қалай қолдану керектігін жақсы білмейді, сондықтан жұмыс істеп тұрған пропеллердің арасына саусағын сұғып, жарақаттап алуы мүмкін.

Кеңес. Пропеллері икемді әрі жұмсақ пластиктен жасалған ойыншықтарды таңдаңыз.

Дәрігер ойынын ойнауға арналған жиынтық

Бала жиынтықтың ішіндегі барлық заттарды не өзіне, не басқа балаларға пайдаланып көргісі келеді. «Сауықтыру» процедураларын жүргізу барысында ұсақ заттар мұрынға немесе тыныс алу жолдарында тұрып қалуы мүмкін. Ол аз десеңіз, ойынның бұл түрі балалардың шынайы шприцке, қайшы мен дәріге деген құмарлығын оятады.

Кеңес. Құрамында ұсақ заттары, түрлі шприцтер, мұрын мен ауызды тексеруге арналған құралдары жоқ жиынтықты алғаныңыз абзал.

Үрлемелі дөңгелек немесе жеңқап

Үрлемелі дөңкелек пен жеңқап баланың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді. Себебі ол қолдан оңай шығып кетуі немесе аударылып кетуі мүмкін. Сондай-ақ, мұндай типті кейбір заттардың құрамында изофорон, фенол мен циклогексанон бар. Бұл токсинді заттар терінің тітіркенуі сияқты проблемаларды туғызуы мүмкін.

Кеңес. Дөңгелек пен жеңқаптың өлшемі баланың салмағы мен бойына сәйкес келуі тиіс. Бұл заттарды қолдану кезінде баланың жанында ата-анасы болуы шарт және жарты сағаттан артық пайдаланбаған абзал.

Батареялы ойыншықтар

Дөңкелек және жалпақ батареялар тәтті кәмпиттерге ұқсас келеді. Сондықтан бала оның дәмін татып көруі мүмкін. Ал мұндай батареялар баланың тамағынан оңай өтіп кетеді. Салдарынан бала уланып, тіпті денесін күйін шалуы мүмкін.

Кеңес. Батареялар немесе басқа да аккумуляторлар пластикалық панельмен жабылған болуы тиіс.

Ойыншық қарулар

Ойыншық қаруды қолданған кезде балалар атуға болатын қашықтықты, сол сияқты қауіпсіздіктің өзге де нормаларын сақтай бермейді. Ақырында бала өзінің не өзгенің бетін, әсіресе көзін зақымдап алып жатады.

Кеңес. Жиынтығында қорғаныш көзілдірігі бар ойыншық қаруды таңдаңыз. Болмаған жағдайда, көзілдірікті бөлек сатып алыңыз.

Магнитті конструктор

1483665-Depositphotos_23523733_xl-2015-1499258926-650-8432011f67-1499329636

Магнитті шариктерден құралған танымал конструктордың сыртында көбінесе «+3» деген белгі тұрады, алайда шын мәнінде ойыншықтың бұл түрі 14 жастан асқан жасөспірімдерге арналған. Әдетте балалар конструкторды тісімен шешпекші болып бірнеше шарға дейін жұтып қояды. Ал ішке түскен бұл зат ішекті зақымдайды.

Кеңес. Магниттері мықты пластиктің ішінде орналасқан конструкторлардың зияны аздау болады.

Әуе шарлары

Шарды үрлеу немесе онымен ойнау барысында ол жарылып, баланы шошытуы, тіпті есту қабілетін төмендетуі мүмкін. Қорыққан кезде бала жарылған шардың қалдықтарын жұтып, уланып қалуы мүмкін. Сондықтан әуе шарларын кемі 8 жастан асқан балаларға берген жөн.

Кеңес. О бастан мыжылған немесе өткір иісі бар шар сатып алмаңыз. Егер сапасы төмен шарды қолыңызбен мыжатын болсаңыз, одан қағаздың дыбысы шығады, сондай-ақ, алғашқы қалыпқа келуі ұзақ уақытты талап етеді.

Спиннер

1483765-30690510-2-0-1499255277-1499255318-650-1-1499255318-650-064eafe1ac-1499329636

Айналу кезінде спиннердің бөліктері ажырап, зақым келтіруі мүмкін. Бұл ойыншық бөліктерін талай бала жұтып та қойған. Ол аз десеңіз, бұл ойыншық баланың зер салу қабілетіне кері әсерін тигізеді. Дәл осы себепті көптеген американдық мектептерде спиннерді қолдану заң жүзінде тыйым салынған.

Кеңес. Спиннердің орнына саусаққа арналған тренажер қолдансаңыз болады.

Жіберіп алмаңыз:

Донор құтқарды: Астаналық азаматқа жүрек ауыстыру операциясы жасалды

Шымкенттік оқушы қыз рак клеткаларын жойып жіберетін дәрі жасап шықты

Қызылорда тұрғыны ұлу өсіріп, пайдаға кенеліп отыр

Дәрігер: Ауру жұқтырғанда адамның бауыры жанып кетеді

Талқылау