Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушыларды аяусыз соққан мұғалім жұртшылықтың жағасын ұстатты (видео)

Мектепте мұғалімнің баланы ұрып-соғып тәрбиелеу фактісі орын алғаны түсірілген әлеуметтік желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті.

1349326251_teacher

Видеода мұғалім ер адам шамамен сегізінші сынып оқушысын ұрып-соғып, балағаттап «тәрбие» беруде. Оқиға Алматы облысының Ұзынағаш ауылында болған сыңайлы. Әлеуметтік желіні пайдаланатын оқушылар бұл «ұстаздың» есімі Замир екендігін және үнемі осындай тәрбие түрін қолданылатындығын жарыса жазуда.

ktk.kz таратқан ақпарат бойынша, Замир атты мұғалім Ұзынағаштағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді. Қазір ол денсаулығына байланысты демалыста көрінеді.

Осы мектептегі директордың тағы бір орынбасары Ұлбалам Елгезерованың айтуынша, оқушыға қол көтерген, ұрып-соғып балағаттаған Замир негізінде өте жақсы мұғалім. Мұндай оқиғаның қалайша орын алып жүргеніне таңданып отыр.

Жұртшылықтың жағасын ұстатқан видеоға қатысты өз ойын білдірген Жамбыл аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары Айткүл Медеуова балаға мұғалімнің қол көтеруге қақысы жоқ екендігін, аталған шараға қатысты міндетті түрде шара қолданылатындығын айтты.

Полицияға ешкім шағым түсірмегендігіне қарамастан, оқиғаға қатысты тергеу ісі жүргізіледі. Бұдан бұрын оқушыға қол көтеріп, басын тақтаға ұрған мұғалім ұсталған болатын. Заң бұзушыға қатысты іс қозғалды.

Талқылау