Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаға дауыс көтеріп тәрбиелеу оның денсаулығына зиян келтіреді

Егер үнемі балаға айғайлай берсе, бұл оның денсаулығына кері әсер етеді, тіпті күйзелістен ол семіруге шалдығуы мүмкін. Американың Айова штатының ғалымдары зерттеу қорытындысы бойынша осындай тұжырымға келді.

parent-kid

Сурет: pumbr.ru 

«Бала тәрбиесінде дауыс көтеру оның денсаулығына кері әсер етеді, бұған ата-анасының екіншісінің жақсы қарағаны жәрдемдеспейді», – дейді зерттеудің жетекші авторы Томас Шофилд.

Iowa Youth and Families Project зерттеу тобы эксперимент жүргізген. Оған 12 жастағы 451 жасөспірім мен оның ата-аналары қатысқан. Ғалымдар балалар 20 жасқа жеткенге дейін бірнеше жыл бойы отбасы ішіндегі қарым-қатынасты бақылаған, деп жазады Fox News журналы.

Бұл ретте әр ата-анаға дөрекілік рейтингі бойынша бағаланған Оған ұрып-соғу, қандай да бір жұмысқа мәжбүрлеу, тыйым салу, өзімшілдік немесе балаға дауыс көтеру сияқты көрсеткіштер енгізілген. Эксперимент соңында балалардың жағдайы толық тексеруден өткізілген.

Шофилд қатал тәрбие жеткіншектерге созылмалы күйзеліс (стресстік) ортасын қалыптастыратынын айтады. Мұндай тәрбие баланың кішкене кезінде дамып келе жатқан миына жаман әсер етеді.

Ғалымдар белгілі болған бұдан басқа теріс салдардың ішінде қабыну сырқаттарына тез шалдығу, жүрек-қан тамырлары белсенділігінің төмендеу бар.

Талқылау