Балаға Дәурен қарайды: Екі айлық сәбиі бар Ақбота-Нұр жұмысқа шықты

Жақында екінші рет ана атанған Ақбота Сейітмағамбет үйде ұзақ отыра алмағанын айтады. Шығармашылығына білек сыбана кіріскен ол бала бағуды күйеуі Дәуренге жүктеп қойған көрінеді. 

Балаға Дәурен қарайды: Екі айлық сәбиі бар Ақбота-Нұр жұмысқа шықты

Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеп Stan.kz хабарлайды. 

Құндақтағы сәбиімен жұмысқа шыққаны үшін желідегілер Ақботаны әбден жазғырды. Қырқынан енді ғана шыққан қызын жұмысқа өзімен бірге ерте барған актриса қыз жұрттан оңбай сөз естіген болатын.

"Көбісі сұрап жатыр, неге жазға дейін демалмайсың, балаларың кішкентай ғой, тәрбиелеп, өсіріп алсай деген сияқты. Енді, өнер адамы болғандықтан, үйде отыра алмаймыз. Бір жерде отыра алмаймыз, бала бағып үйде отырып көрмегендіктен. Көбінесе жұмысқа шығып кеткізім келеді", - дейді Ақбота-Нұр.

Ақботаның пікірінше, отбасылық өмір мен шығармашылықты қатар алып жүруге болады. Әсіресе, қасыңда қолдайтын күйеуің барда! Ақбота қажет болса сәбиін Дәуреннің қарауына қалдырып кетпек. 

"Енді біріншіміз ұл ғой, екіншіміз қыз болса екен деп, Дәуреннің Алладан сұрап алған қызы. Енді таңнан кешке дейін, сол қызымен отырады үйде", - дейді Ақбота.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр