Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балабақшадағы ертеңгілік кезінде сахнадағы бүлдіршіндерді қолдап, залда билеп тұрған тәрбиеші жұртты тәнті етті (видео)

Әлеуметтік желіде балабақшадағы жаңа жылдық ертеңгілік кезінде белсенді түрде билеп тұрған тәрбиешінің видеосы тарап кетіп, танымалдық алып келеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Балабақшадағы ертеңгілік кезінде сахнадағы бүлдіршіндерді қолдап, залда билеп тұрған тәрбиеші жұртты тәнті етті (видео)

Видеода балабақшада өткен жаңа жылдық ертеңгілік кезінде бүлдіршіндер сахнада билеп жатыр. Осы уақытта залда тұрған тәрбиеші белсенді түрде билеп, балаларға қолдау білдіруде.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Казаxстан | НОВОСТИ ДНЯ 24/7 (@today_kz)

Тәрбиешінің әрекеті желі қолданушыларын тәнті етті. Өз кезегінде олар сахнада өнер көрсетіп жатқан балаларға қолдау білдірген әйелді би мұғалімі болар деп топшылап, жағымды пікірлерін жаудырды.

«Балалар сахнаға шыққан кезде қобалжып, не істерін білмей қалады. Тәрбиешінікі дұрыс. Нағыз көмек болды», «Өз мамандығын жақсы көретін осындай мұғалімдерден айналасың!», «Қандай тамаша тәрбиеші! Мұғалім осындай болуы керек. Балаларына жаны ашитыны көрінеді», – дейді пікір қалдырушылардың бірі.

Сондай-ақ, пікір қалдырушылардың кейбірі тәрбиешіні сыртынан видеоға түсіріп алып, желіде таратып, оны күлкіге қалдырған автордың әрекетін түсінбейтінін айтып жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау