Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Балабақшада тәрбиеші балаларды ұрып-соққан: Алматы полициясы қылмыстық іс қозғады

Алматы полициясы балабақша тәрбиешісінің екі баланы ұрғаны түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді. Полиция мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Балабақшада тәрбиеші балаларды ұрып-соққан: Алматы полициясы қылмыстық іс қозғады

«Бұл қылмыс Алатау аудандық полиция басқармасында тергеліп жатыр. Балалардың анасының бірі өткен түнде арызданды. Аталған факт ҚР ҚК 140-бабы 2-тармағына (Кәмелетке толмаған баланы қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң оған қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарының тізімдемесіне тіркелді», - дейді полиция департаментіндегілер. 

Полиция мәліметінше, 35 жастағы тәрбиеші қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Алдағы уақытта іс материалдары сотқа жіберіледі.

Еске сала кетсек, желіде Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің баланы ұрып-соққан видеосы тарап кетті. Артынша Білім және ғылым министрлігі тәрбиешінің жұмысынан қуылғанын мәлімдеді.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр