Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балабақша тәрбиешісінің балаларды аямай ұрып “шапалақпен” тәрбиелеген видеосы пайда болды (видео)

Қазақстанда балабақша тәрбиешісінің “шапалақтың” көмегімен бала тәрбиелеп жатқан видеосы кезекті рет интернетті шарлап кетті.

Балабақша тәрбиешісінің балаларды аямай ұрып “шапалақпен” тәрбиелеген видеосы пайда болды

Инстаграмдағы denski_blog парақшасында жарияланған видеода қазақстандық балабақшалардың біріндегі жағдай көрсетілген. Бірақ, нақты қай жерде болғаны белгісіз.

Кадрда әйел өзіне бір баланы шақырып, оның қолдарын тексереді. Шақырылған бала белгісіз себептермен тым ашулы әйелдің құрбанына айналып кете барады. Әйел бар қаһарын төгіп баланы ұрып, тоқпақтай жөнелген. Оны “тәрбиелеп” болысымен қасына отырғызып қояды. Сөйтіп әрі қарай тексерісті жалғастыра береді.

“Балабақшада тәрбиешінің балаларды ұрып жатқан видеосы ватсап арқылы таралуда. Видеоны бізге блогымыздың оқырмандарының бірі жіберді. Әзірге мен балабақша атауын атай алмаймын, нақты дәлел жоқ. Бірақ, баланы ұрғаны анық!”, – деп жазылған видео түсіндірмесінде.

Бірқатар пікір қалдырушылар видеоның Қарағандыда түсірілгенін айтып қалыпты.

“Балақай” балабақшасы. Тәрбиешісін заңмен қудалап кетірді. Және ата-аналармен сөйлесіп интернетке салмау туралы келіскен. Бірақ, ол шығып кетті. Мұны маған құрбым айтып берді”, – деп жазады mamaria1985 атты қолданушы.

 

По вацапу распространяют видео, на котором видно, как воспитатель детского сада бьет ребенка. Это видео прислала читательница блога и указала название детского сада, в котором, с ее слов, происходит то, что мы сейчас с вами видим! Указывать название сада в блоге пока что я не могу, нет доказательств, но факт избиения остается фактом! #детскийсадик #избиениеребенка #кргблог #караганда #денисденски @denis_denski

Публикация от 🇰🇿БЛОГ Дениса Денски (@denski_blog)

Бұған дейін Қызылорда балабақшасында да осындай жағдай орын алып, қоғамды дүр сілкіндірген еді. Кейінірек Петропавлда балабақша тәрбиешісінің дөрекі әрекеті видеоға түсіп қалды.

 

Талқылау