Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәрбиеші меңгерушіге сыйлық бермегені үшін жұмыссыз қалғанын айтады (видео)

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны Рәзия Наурызәлиева туберкулез ауруына шалдыққан балаларды сауықтыруға арналған балабақшада жұмыс істеген. Жұмысқа орналасатын кезде бастығына 150 мың теңге берген келіншектің айлығы 50 мың теңге. Жеті ай бұрын декреттік демалысқа кететінін айтып  бастығы Света Досбаеваның алдына кірген, -деп хабарлайды Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі.


«Жұмыс орнын сақтап тұрудың кепілі ретінде бастық тағы ақша дәметкенімен   қалтамда оған беретіндей қаржы болмады»,- дейді Рәзия.

«декіреттік демалысқа кетер алдында төрт айдан кейін жұмысқа ораламын деп жаздым. Бала күтіміне қатысты демалыс уақытын создыруға мәжбүр болып тұрмын. Меңгерушіге барсам, еңбек кітапшамды қолыма ұстатып, бос екенімді айтты»,-дейді Рәзия.

Бұрынғы балабақша қызметкері  ішкі тәртіп ашық айтылмағанымен жұмыс орны бейресми саудаланатынына сенімді.

«Іштегілердің басым көпшілігі жұмысқа ақша беріп тұрады. Өз көзіммен ақша бергенін көргенім жоқ. Бірақ мен екінші балама декретке шыққанымда сұраған. Енді нақты ставкасы жоқ, бірақ дәметеді. Мен өзім 150 мың теңге бердім», – дейді Рәзия Наурызәлиева.

Балабақша меңгерушісімен телефон арқылы байланысуға мүмкіндігіміз болды. Света Досбаева ешқандай да ақша алмағанын айтып ақталды. Бүгінде Алматы қаласына емге кеткен басшы заң аясында әрекет еткенін жеткізді.

«Басында өзі декретте отырған әйелдің орнына келген. Аудандық жұмыспен қамту бөлімімен жұмысқа орналасты. Кейін уақыты аяқталған соң, қызметінен босаттым. Ал, 150 мың теңгеге қатысты әңгіме бос сөз», – деді Света Досбаева.

№28 «Алпамыс» сауықтыру балабақшасы 90 орынға арналған. Алайда, бүгінде мұнда 31 бала тәрбиеленуде. Туберкулез ауруы көрсеткішінің төмендеуінен қазір мұндағы бала саны айтарлықтай азайған.

 

 

 

Талқылау