Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Балабақша меңгерушісі кішкентай баланы тізерлетіп отырғызып, жерді сүюге мәжбүрлеген (видео)

Ресейдің Краснодар қаласында балабақша меңгерушісі кішкентай баланы тізерлетіп отырғызып, жерді сүюге мәжбүрлеген. Меңгеруші өз әрекетін түсіндіріп, оның өзге балаларды қылқындырғанын айтқан.

Балабақша меңгерушісі кішкентай баланы тізерлеп отырғызып, жерді сүюге мәжбүрлеген (видео)

Оқиға 30 сәуірде №74 балабақшада орын алыпты. Желіде әйелдің балаға айқайлап жатқаны түсірілген видео тарады. Видео кадрларынан байқалғандай, әрі қарай әйел оны тізерлетіп отыруға мәжбүрлеп, жерді сүйгізеді. Ол баланың балабақшадағы өзге бүлдіршіндерді қылқындырғанын айтыпты. Бұл оқиға екі әйел мен балалардың көз алдында орын алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Кубанские новости» басылымына сілтеме жасап.

Білім беру департаментіндегілер оқиғаға қатысты пікір білдіріп, мұндай жағдайдың білім беру мекемелерінде орын алуы келеңсіз екенін айтқан. 

 

«Меңгеруші өзін жағымсыз түрде ұстады. Ол баланы кемсітіп, психикалық тұрғыда ғана емес, физикалық тұрғыда қорлады. Сонымен қатар ол өз әрекеті арқылы басқа балаларды да қорлап тұр», - дейді білім беру департаментінің директоры Алексей Некрасов. 

Сонымен қатар ол меңгерушіге қатысты қатаң жаза қолданылатынын атап өтті.

«Меңгеруші бап бойынша қызметінен босатылады. Тиісінше, біз ата-аналардың құқық қорғау органдарына түсірген кез келген айыптауын қолдаймыз», - дейді Некрасов. 
 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр