Бала жұлдыз: Айсәуле Бақытбектің бала күнгі видеосы жұртты сүйсіндірді (видео)

Айсәуле Бақытбекті бүгінде қазақстандықтардың басым бөлігі таниды. Белгілі блогер, ара-тұра көгілдір экраннан көрініп тұратын бойжеткен кішкентай күнінен телеэкранға шығып үйренген. Оған тележүргізуші болып қызмет атқарған анасы мұрындық болған, деп жазады Stan.kz.

Бала жұлдыз: Айсәуле Бақытбектің бала күнгі видеосы жұртты сүйсіндірді (видео)

Бірер күн бұрын Баян Алагөзова қызының бала күнінде телеэфирге шыққан естелігімен бөлісті. Онда Айсәуле – балаларға арналған бағдарламалардың бірінде жүргізуші.

Желі қолданушылары Айсәуленің бала күнінде сүйкімді бала болғанын атап өтіп, оның қылықтарына тәнті болды. Басым бөлігінің пікірінше, бүгінде 23 жасқа қадам басқан бойжеткен мүлде өзгермеген. Тіпті, күлкісіне дейін сол. Әдетте бұл отбасыға келгенде жағымсыз пікірді қарша борататын желі қолданушылары Айсәуленің алда болатын тойын еске алып, оған жанұялық бақыт тіледі.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр