Бала ұрлап ұсталған әйел тағы бір бала ұрлығына қатысы барын мойындады

Сәрсенбі, 24 Ақпан , 2016 12:44

Оңтүстік Қазақстан облысында 6 жастағы баланы ұрлап кетті деп күдікке ілінген 60 жастағы әйелдің тағы бір бала ұрлығына қатысы бар болып шықты. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

әйеллл

Шымкент қалалық ІІД мәліметінше әйел 2013 жылы Шымкентте қызды ұрлап кеткенін мойындаған. 10 күннен соң қыз тірі әрі ешқандай зардап шекпеген күйінде табылған.

2016 жылы 20 ақпанда Ордабасы ауданды полиция басқармасына 31 жастағы әйел хабарласып, өзінің ұлы Мұхамед Қамшыбектің жоғалып кеткенін айтады. 2009 жылы туған 1 сынып оқушысы түскі 12.30 шамасында мектептен шығып, үйіне оралмаған. Жедел-анықтау тобының шаралары арқасында бала Арыс қаласында 1956 жылғы күдікті әйелдің үйінен табылған. Полиция қызметкерлерінің арқасында бала аман-сау ата-анасына табысталған.

“Аталған іс негізінде ҚР ҚК 125 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азаматша уақытша қамау изоляторында. Күдікті бұрын сотталмаған әрі есепте де тұрмаған”, – делінген хабарламада. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтау барысында, ол 2013 жылы да бір баланы ұрлап кеткенін мойындаған.

“Еске сала кетсек, 2013 жылы Абай аудандық полиция бөлімшесіне 1985 жылғы Шымкент тұрғыны хабарласып, бастауыш сыныпта оқитын қызының үйге оралмағанын айтады. 10 күн өткен соң полицияның жедел-іздестіру шаралары негізінде жоғалған қыз Қызылжар ауылынан табылған. Қызды тәртіп сақшылары ата-анасына қайтарған”, – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Аталған іс бойынша да полицейлер “адам ұрлау” фактісі негізінде қылмыстық іс қозғаған. Алайда күдіктіні ол кезде қолға түсіре алмаған еді. Қазір барлық қажетті тергеу-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал аман-есен табылған 6 жастағы Мұхамед Қамшыбек қазір ем қабылдау үстінде.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Өзінде перзент бармекен? Кішкентай баланы әке-шешесінен айырып әкеткен тас жүрек екен

  • Жұмбақ жан says:

    Мына кемпірдің есі дұрыс емес шығар.Түрі де бір түрлі ғой !

  • Жұмбақ жан says:

    Неге урлайт сонда кайтып кайтарса?Аллага шукур бала аман тагы.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар