Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бала-шағасы бас тартқан 70 жастағы қарияны Алматы тұрғыны өз қамқорлығына алды

Бауыр еті балалары бас тартып, бейімдеу орталығын паналап жүрген Жұмабек Дүйсенбаевқа қамқор болар мейірімді жандар табылды.

5656

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Үш айдан бері өмірі адам танымастай болып өзгерген қария тілшілерді күліп қарсы алған. Өз зейнетіне лайықты жылы үй, жайлы төсекке орныққан оның көңілі орнында. Балаларымнан көрмеген жақсылықты жат адамнан табамын деп ойламаған едім дейді ол.

“Бетіне қарағанда-ақ, бірден көрініп тұр – адамгершілігі бар, Аллаға сенетін адам екені”, – дейді ақсақал.

Қараусыз қалған қарияға көмек қолын созған Халида Нұрақынқызы бейімдеу орталығына хабарласып, ақсақалды дереу қолына алған екен.

“Медицинада 35 жылдық тәжірибесі бар, интеллегент адамның осындай күйге түскенін көріп жағамды ұстадым. Мамандықтарымыз да ұқсас, әріптес екенбіз. Сосын бірден шешім қабылдау керек деп шештім”, – дейді Халида Нұрақынқызы.

Кеудесі қайғыға толы қарт әлі де болса ардагерлер үйіне ауысып, өзімен тағдырлас жандардың арасында шер тарқатып, өкінішін басқысы келеді. Көпті көрген ақсақал біреуге масыл болуды құп көрмейтін сияқты.

Оқи отырыңыз:

Шымкент судың астында қала жаздады (видео)

Қытайда ұсталған студент қыз қазақстандық болмай шықты

Өзбекстанда ұсталған Семей тұрғыны отанына оралды

Кім кінәлі: Бұтақ құлап қайтыс болған баланың анасы оқиға туралы айтып берді

Талқылау