Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қырсыққанда пульт табылмай қалады": Белгілі тележүргізуші Кәмшат Жолдыбаеваның клипі туралы

Жартылай жалаңаштанып бейнебаян түсіретін Кәмшат Жолдыбаеваның әрекеттері жұрттың наразылығын тудырды, деп хабралайды Stan.kz тілшісі.

Бұл туралы белгілі журналист Мақсат Толықбай әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ашуға булыққан тележүргізуші Жолдыбаеваның бұл қылығын арсыздыққа балады.

«Кәмшаттың клипі шыға келгенде қасыңда отырған бала-шағаң мен шешеңнен ұяласың. Қырсыққанда, ондай кезде телевизордың пульті да табылмай кетеді ғой. Бұл да бір бояушы бояушы деген сайын», - дейді Мақсат Толықбай.

Жүргізушінің сөзін құптаған желідегі жұрт, сахнаның қадірін құртып алмадық па деп шарқ ұрды.

 

«Не сұмдық шоу бизнесте еш мән де, сән де қалмады. Әркім өз ойына келгенін істеп жатыр. Әй дейтін бір әже жоқ, қой дейтін бір қожа жоқ заман болды ғой. Қара пиярдың соңына түсіп әркім өз білгенін жасап жүр. Бірі сәукелемізді қорлайды, енді мынау Кәмшат шықты Алла берген бар абыройын, әуретті жерінің барын жылтыратып. Бұл не сұмдық. Қазіргі халық әртісі болған бұрынғы Мақпал, Роза апайларымыз еш бір пиярсыз-ақ елге танылып халық әртісі атағын алды емес пе? Неге біздің кейінгі буын жас әншілер сол кісілерден үлгі алмайды екен», «Әнші болсын, болмасын қазақ қыздарына жат нәрсе ғой. Жартылай шешініп тастап, бәрібір шет ел болмайды. Қазақтың қызы дейді», - деп ашуланды.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр