Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бала секілді ойнаудан қалды: Шымкентте 6 жасар қыз мүгедек анасын өзі бағып отыр

Шымкентте 6 жасар қыз мүгедек анасын өзі бағып отыр. 30-жастағы Үміт Мәуленова дүниеге бала әкелгеннен кейін өз еркімен жүріп тұрудан қалған, тіпті отыра да алмайды. Ал, дәрігерлер оған хондросаркома диагнозын қойған.

Бала секілді ойнаудан қалды: Шымкентте 6 жасар қыз мүгедек анасын өзі бағып отыр

Бұл туралы NAR TV арнасы  хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ол екі баласын да кесір тілігі арқылы дүниеге әкелген. Толғақ барысында анаға бел тұсынан наркоз салынған екен. Бірақ уақыт өте келе Үміттің жағдайы нашарлай бастапты. 2012 жылдың мамыр айында салынған бір иненің кесірінен мүгедек болғысы келмеген ана Алматыда бес рет ота жасатқан. Алайда, одан да оң нәтиже болмады.

«Мен бәрі қайтады деп ойладым. Бірақ, Алматыға барып ота жасатқанда бәрін білдім. Жазылатын шығармын деп химия терапия, сәуле алдым. Үш рет емделу курсынан өткенде дәрігерлер: болды сіз жақсы болып кеттіңіз, деп үйге жіберді. Бірақ, екі-үш айдан кейін ауруым қайта басталды. Содан қайта ота жасатып, 7 химия алдым. Алайда, одан да еш нәтиже шықпай ештеңеге жарамай қалдым»,-дейді мүгедек ана.

Бірнеше рет ота жасатқан Үміт қазір өздіген отырып-тұрудан қалған. Дәрігерлер оған енді химия алып, ота жасатуға жарамайсың өліп кетесің деген екен.

«Босанғаннан кейін тағы 3-4 рет отаға жасатуға кетіп, баламды да емізбедім. Содан қайта-қайта ота жасаттым. Қазір балам үш жаста, Құдайға шүкір ол мүлде ауырмайды. Ал, қазір ота жасалған жердің бәрі іріңдеп, ашылып кетті. Анам күн сайын ашылған жараның бетін таңып, емдейді. Оны күніне бірнеше рет ауыстырмаса сасып кетеді»,-дейді Үміт.

Қазіргі таңда мүгедек әйелді 6 жасар қызы Таңшолпан Сәрсенбек күтіп-бағуда. Бүлдіршін қатарластары секілді ойын қуғаннан гөрі науқас анасына көмектескенді жөн көреді. Мүгедек анасының қолқанаты болған Таңшолпан болашақта дәрігер болуды армандайды.

«Анамның бетін жуып, дәрісін, суын, тамағын беремін. Арманым – ханшайым, дәрігер болу. Анамды, бәрін емдегім келеді»,-дейді кішкетпай Таңшолпан.

Ал, анасы болса ешқандай жұмыстан қашпаймын, бастысы денім сау болса екен деп әлі де болашақтан үміт күтуде.

Үміт Мәуленованың алға қойған мақсаты – аяғынан тұрып, ешкімге масыл болмай өз нәпақасын өзі табу. Алайда, мемлекет төлейтін 56 мың теңге баспанасы мен азық-түліктен артылмайды. Қазір ол емхана жазып берген дәрі-дәрмекті ғана ішіп, басқа ем қолдана алмай жүр. Мүгедек әйелдің жағдайы мүшкіл болғандықтан шетелдерге барып ем алуға мүмкіндігі жоқ. Сол себептен, екі баласының өскенін көріп, ауруынан айыққысы келген ана амалсыздан халықтан көмек сұрайды.

Егер қол ұшын беріп, көмек көрсеткісі келгендер болса Үміттің жеке есепшотына ақша аудара алады.

Банк картасы: 6233571028024145
ЖСН: 881115451176

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау