Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде қарауындағы қызды өлтірген күтушінің телефонынан экстремистердің нөмірлері табылды

Мәскеуде төрт жасар қызды өлтіріп басын кесіп алған Гүлчехра Бобокулованың телефонынан құқық қорғау органдары күдікті байланыс нөмірлерін тапты. Күдіктінің ұялы телефонында халықаралық экстремистік топтарға қатысы бар екі ер адаммен байланысы болуы мүмкін.

57

Сурет Григорий Сысоев

“Бобокулованың ұялы телефонын зерттеу барысында, оның халықаралық экстремистік топтарға мүше екі адаммен байланысы бар боулы мүмкін екені анықталды”, – делінген хабарламада. Айыпталушының сөзінше ол Өзбекстанда демалыста болған кезде, күдікті нөмірлер телефонына жазылып қалыпты.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері аталмыш ер адамның Бобокуловамен Мәскеуде не басқа елде кездескені туралы ақпаратты анықтап жатыр. Дүйсенбі күні қайғылы оқиға болған сәтте абоненттердің бірі телефонын өшіріп тастаған.

2 наурыз күні Мәскеу соты Өзбекстан азаматы Гүлчехра Бобокулованы баланың өліміне күдікті ретінде тұтқынға алу туралы шешім шығарған еді. Әйел 29 сәуірге дейін тәртіп сақшыларының қарауында болады. Тергеушілердің айтуынша, Бобокулованы арандатушыларды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр. Әйелдің өзі қылмысты жасағанын мойындап, оған осы іске баруға Алла бұйрық бергенін айтыпты.

29 ақпан күні “Аллаху әкбар” деп айқайлап баланың басын ұстап жүрген жерінен ұсталған еді. Ол «Октябрьское Поле» метро бекетінің жанына келіп өз-өзін жарамын деп қорқытқан.

1977 жылы туған Өзбекстан тумасы Гүлчехра Бобокулова Мәскеудегі отбасылардың бірінде бала күтушісі болып істеген. Ол ата-анасының үйден кеткенін күтіп, сәбиді өлтіріп, үйді өртеп шығып кеткен. Өрт сөндірілгеннен кейін, баланың денесі табылды.

Жауап алу кезінде күдікті бұл іске күйеуінің екінші әйел алуы себепті барғанын айтқан. Алайда бұл отбасылық жағдай мен бала өлтірудің арасында қандай байланыс барын түсіндіріп бере алмаған.

Алдын-ала деректер бойынша әйелдің бойында психологиялық ауытқулар бар. Өзбекстанның құқық қорғау органдары әйелге 1999 жылы “шизофрения” диагнозы қойылғанын хабарлады.

Талқылау