Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күтушісі аяусыз ұрған сәбидің анасы оқиғаның адам шошырлық жайттарын айтып берді

Алматыда бала күтуші әйел бір жастан енді асқан сәбиді өлімші етіп сабады деп айыпталуда. Ауыр соққылардан басы жарылған бөбек жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

аа

Нәресте 3 күн бойы комада жатса да, оны есінен танғанша ұрған келіншекті тергеушілер жайына қоя беріпті. Қайғыдан қан жұтқан ана баласына қол жұмсаған адамды жауапкершілікке тартуды сұрап отыр.

Бір жастан енді асқан Мансұр бір ай бұрын осылай ойнап жүрген. Ал қазір баланың жағдайы аса ауыр. Басы жарылып, бір көзі ашылмай қалған. Анасының айтуынша, әлі сөйлей де алмайтын сәбиді бала күтушісі оңдырмай сабап жіберіпті.

“Миына қан кеткен. Күтушінің қатты ұрғаны сонша, балам үш күн бойы есін жиған жоқ. Дәрігерлер ота жасап, сынған бас сүйегін алды. Енді не істерімді білмей отырмын”, – дейді Мансұрдың анасы Жұлдыз Құтанова.

Көгала қойдай боп таяқ жеген бала денесін ауырсынып әрең жатыр. Бала күтушінің жауыздығы сонша, құлағын тістелеп қанатқан. Дәрігерлер басынан ине іздерін де тауыпты. Сәбиді есінен танғанша ұрған күтушінің аты Толқын екен. Тараздық келіншек Мансұрды мына жалдамалы үйде баққан. 22 жастағы анасы Жұлдыз оны осында қалдырып, өзі қалада тұрыпты. Ал күтушінің үйінде күнде ұрыс-жанжал екен.

“Көрші түнде бірдеңені дүңкілдетіп, баланы ұрған сияқты, бала қатты жылады деді. Сосын бірден дыбысы өшіп қалды баланың деді. Толқын туралы бір жыл болды келгеніне бір жылдан бері тұрады, постоянно ұрысып жатады не сіңілісімен төбелесіп жатады, мына жерде бір көршіні көшіріп жіберді”, – дейді бала күтушінің көршісі Айман Жорабаева.

Ал есін жоғалтқан баланы көршілері тек таңға жуық көріпті. Жедел жәрдемді де сонда ғана шақыртқан.

“Баланы қолына ұстап алған бүйтіп жерде жатыр. Бала сұлқ түсіп жатыр. Ес-түісн білмейді. Көзі ала бұла болып, «не болды бұған» деп едім, «мынау өстіп қалды» деді, «білмеймін өзінен өзі» деді”, – дейді көршісі.

Көршілерінің айтуынша, күтуші әйел балаға жүрдім-бардым қараған. Сәби көбіне далада өзімен өзі ойнап жүріпті. Оқиға бір ай бұрын болған. Десе де, нәрестені ұрып талдырған келіншек жалдамалы пәтерінде әлі де қаннен-қаперсіз тұрып жатыр екен.

Кілттелген есік сол күйі ашылған жоқ. Жұмыссыз әйел ақыға басқа да балаларды бағып жүруі мүмкін. Десе де, оны тексеріп жатқан ешкім жоқ. Тергеушілер тіпті мына жантүршігерлік жағдайдан соң да қаладан кетпеу жөнінде тілдей парақ алып, бала күтушіні жайына қоя берген.

Бұған дейін Алматыда 2 жастағы бүлдіршінді күтушісі аямай ұрып-соғып, комаға түсіргені жайында хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Воронеж тұрғыны қараңғыда қарындасын танымай, ұрып-соғып тонап кеткен

Шымкентте ер адам әжесін зорламақ болған танысын ұрып өлтірді

Австралиялық топ-модельді күйеуі ұрып жатқан бейнежазбасы пайда болды (видео)

Күйеуі өлтірген Нұрипаның анасы құдағиын да қамауға алуды сұрайды

Талқылау