Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бала күтуші келіншекпен көңілдес болған еркек қорқынышын айтып берді

Желіде жарияланған хатта бала күтуші әйелді жақсы көріп қалған ер адамның оқиғасы баяндалған.

preview-650x390-650-1441632222

Бұл туралы “Алаш айнасы” хабарлайды.

“Мен — жасым келген еркекпін. Бірінші әйеліммен дәм-тұзым жараспай, екінші рет үйлендім. Әйелім жуас, біртоға адам. Қақ-соғы жоқ, тыныш. Арада жыл өтпей кішкентайымыз дүниеге келді. Мен жұмыста. Әйелім бала бағып, бір жарым жыл үйде отырды. Әлі де отыра беруге болар еді, бірақ қазіргі қиын заман қойсын ба? Ақша керек. Күнкөріс керек. Менің айына бір рет алатын айлығым қай жыртықты жамасын? Ақыры әйелім де жұмысқа шығатын болып шешті.

Бала бағатын адам таппай қиналдық. Ауылдан қолы бос туған-туысты шақырайық десек, ешкімнің бала баққысы жоқ. Әйелімнің жақындарының бір қызы келген. Бірақ бір апта болмай тайып тұрды. Бала бағу оңай болмаса керек.

Сөйтіп біреуден-біреуге айтып жүргенде бір келіншек кездесе кетті. Жұмыс таппай жүр екен. Отбасы бар. Үйленгендеріне көп болмаса керек-ті. Әзірге балалары жоқ. Ақшасына келістік. Таңертен біз жұмысқа кетерде келіп, біз келгенде үйіне қайтатын болды. Келіншек балаға епті екен. Бала бағады, біз келгенше үйді мұнтаздай етіп жинап қояды. Тіпті тамақты да әзірлеп қоятыны бар. Әйелім де, мен де ризамын”, – дейді ол.

Ал бейтаныс келіншекпен махаббат арада екі-үш ай өткенде басталған.

“Бірде тұмау тиіп, ауырып қалдым. Әйелім дәрілерімді даярлап беріп, жұмысқа кетті. “Нянька” қыз ас-суымды әзірлеп жүгіріп жүр. Диванда оранып жатырмын. Балам арғы бөлмеде ұйықтап жатыр. Бұрын байқамаппын. Бала күтуші келіншек келісті-ақ екен. Аяқ-қолы түзу. Жұп-жұмыр. Құшырлана құшақтасаң, құмарыңды қандыратындай-ақ екен. Ауырып жатып, су мен дәрі әкелген оған көп қарай бердім. Ол да сезсе керек.

“Басымды сәл уқалап берші” дегенмін. Бәлсінбеді. Басымды, желкемді уқалады. Жаным жай тапқандай болды. “Қолың қандай жұмсақ” деп қалжыңдап, өзіме жайлап тартқанмын. Ол басқаша ойлап қалды ма, білмедім: “сіз де маған ұнайсыз” деп құшағыма құлай кеткені. Алғашында не істерімді білмей, тосылып қалдым.

Күтуші келіншектен мұндай әрекетті күтпеп едім. Ауруым қайда калғанын білмеймін. Өзі сүйкенген келіншектің, үй халатын қалай көтеріп, астыма қалай жығып салғанымды білмей қалдым.

Кешке әйелім келді. “Нянька” келіншек түк болмағандай, тиселі ақшасын алып үйіне кетті. Жарыма қарауға бетім шыдамай, төсекте өтірік ыңыранып мен жатырмын. Ертеңінде де үйде сол жағдай қайталанды. Келіншек тартынбайды екен.

“Күйеуім төсекте әлсіз. Аптасына бір рет, болмаса ол да жоқ. Жұмыстан шаршап келдім деп, ұйықтап қалады. Оның жанында сіз жасыңыз біразға келсе де, қуатты екенсіз” деген құшағымда жатып.

Мен өтірік ауырдым деп үйде он күндей жаттым. Өйткені нянька келіншектің от құшағын қимаған едім. Күндер өтіп жатыр. Жұмысқа әйелім екеуміз бірге шығамыз. Жұмысына жеткізіп тастап, аңсарым ауса, үйге айналып бір соғып кетемін. Ол да осыны күтіп отырады.

Сөйтіп жүргенде масқара бола жаздадық. Бірде әйелімді жұмысына жеткізіп тастап, үйге оралғанмын. Ісімді тындырып, ваннаға кіріп кеткенмін. Үйге біреу кіргендей болды. Әйелім екен. Жартылай жалаңаш ваннадан шыққан маған күдіктене қарады.

“Жұмыста жиналыс болады екен. Баяндама жасаушы едім. Сол үшін үйге келіп, костюм-шалбар киіп, галстук тағып баруға келдім. Джинсимен елдің алдына шығу ұят қой” деп міңгірлеп жатырмын.

Әйелім сенді ме, сенбеді ме, білмедім. Үйде бір қажетті құжаттары қалып қалған соң келген екен. Маған бір, бала күтуші келіншекке бір түйіле қарап, үндеген жоқ. Нянька-келіншек түк болмағандай, баланы ойнатып, басқа бөлмеде жүр. Осылайша бір ұсталып қала жаздадым.

Бірақ әйелімнің көңілінде күдік қалған сияқты. Кейде “жұмысқа өзің кете бер, мен артынан барамын” дейтін болды. Бұл – сезіктенгенінің белгісі. Бірақ қазақта “ойы бұзылған келіншек күл ала шығып та, ойындағысын істеп келеді” деген сөз бар емес пе? Біздің әрекетіміз де сондай. Ретін тауып, құмарымызды қандырып жүрміз.

Бұрындары жұрт аузынан пәленше түгеншемен ойнас екен деген түрлі сыпсың сөздерді естіп жүретінмін. Енді сол жағдай өз басымда болып жатыр. Не істеймін?

Бір күні оңбай ұсталып, отбасымды ойрандап алмаймын ба? Ойласам, денем түршігіп кетеді. Бірақ бала күтуші келіншектің от құшағына кіргенде бәрін ұмытып кетемін. Бұл қашанғы жалғаспақшы? Білмедім” деп жазады ол.

Оқи отырыңыз:

Танымал адвокат “тіркелмегендігі” үшін салынатын айыппұлдан қалай құтылуға болатынын айтты

Өз әйелін зорлаған еркек 5 жылға шартты түрде сотталды

Таразда жұма намазға жиналған жұрт жергілікті тәртіп сақшыларымен жанжалдасып қалды

Ақмола облысында ұстаз оқушының мойнындағы православиелік алқаны шешіп тастады

Талқылау