Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бала күнінен дос болған жігіттер 12 жылдан соң туған бауырлар екенін білді

Өмірде әртүрлі жағдай болады. Алыстан іздегеніңіз үнемі қасыңызда жүрген болуы мүмкін. Америкада 12 жыл дос болған жігіттер туған бауырлар болып шықты. 


38 жастағы Уолтер Горди мен 36 жастағы Марк Толсон 12 жыл бұрын танысқан. Содан бері айырылмас дос. Олар әкесіз өскен. Екеуі өз анасымен тұрады. 

"Менің бала күнімде ата-анам ажырасып кеткен. Содан бері әкемді білмеймін. 5 жыл бұрын маған лимфома диаогнозын қойды. Әр тынысым үшін күрестім. Сүйек тінімді ауыстыру үшін донор керек болды. Дәрігерлер іздеу кезінде менің бауырымды тапқандарын айтты. Ол менің досым болып шықты. Дәрігерлер ол жайлы мәліметтің менімен ұқсастығын аңғарған", - деді Уолтер Горди.

Ал, Марк Толсон әкесі мен бауырларын іздеуге өзі ниеттенген. Соның арқасында бауырын тауып алды. Олар шексіз қуанышты екенін айтады. 

"Мен досым үшін уайымдадым. Көмектескім келді. Емханаға хабарласып біздің ағайынды екенімізді айттым. Ол "Білем" деді. Біз жаңадан көшіп келгенде алғаш танысқан адамым еді ол", - дейді Марк Толсон.

Бүгінде екі достың аналары да бір бірімен араласады. Бір отбасыға айналды. Бәрі бірлесе балалардың әкесін іздеп жүр. 

Талқылау