БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

“Бала көтеруге болады”: Ләйлә Сұлтанқызы бойындағы 5 дерттен арылғанын айтты

Ләйлә Сұлтанқызы Оңтүстік Корея елінің дәрігерлеріне жүгінді. Белгілі тележүргізуші медициналық тексерістен өтіп, осыдан үш жыл бұрын бойынан табылған дерттен арылғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

"Бала көтеруге болады": Ләйлә Сұлтанқызы бойындағы 5 дерттен арылғанын айтты

Үш жыл бұрынғы тексеріс нәтижесі бойынша, дәрігерлер Сұлтанқызының денсаулығынан 4-5 кінәрат тапқан.
“Соның екеуінен ғана мысал келтірейін. Дәрігерлер берген нұсқаулықты бүгінге дейін дұрыс орындауға тырыстым: дұрыс тамақтандым, спортпен шұғылдандым, стресске бой алдырмадым, көңілді жүруге тырыстым, нәтижесі мынадай:

2016 жылы маған нефраптоз диагнозын қойған еді. Яғни, оң жақ бүйрегім сәл төмен түсіп тұрған. Дәрігер спортпен шұғылданып, кішкене салмақ қосуға кеңес берді. Бүйрегім орнына келсін деп спортпен тұрақты түрде айналыстым және семірдім +3 кг. Содан бүйрегім де, оны уайымдаған жүрегім де орнына түсті.

Бұл пункті ер азаматтар оқымай-ақ қойса болады, әйелдердің әңгімесі. Жыл сайын маммография мен УЗИ-ден қатар өту керек деген ескертуге құлақ аса бермейтініміз рас. Олардың да нәтижесі дұп-дұрыс шықты, шүкір”, – деп бөлісті тележүргізуші.

Сұлтанқызының айтуынша, биылғы тексеріс нәтижесі оның 100% сау екенін көрсеткен.

“Енді мұндай денсаулықпен смело бала көтеруге болады, бұйыртса”, – деп қуанышын жеткізді Сұлтанқызы.
Айта кетейік, Ләйлә Сұлтанқызының Сағадат, Сардар есімді қос ұлы бар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр