Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бала көтере алмай жүргендерге қалай жүкті болуға болады

Stan.kz ақпараттық агенттігі бала көтере алмай жүргендерге қалай жүкті болуға болатыны жайлы әйелдер мен ер адамдарға арналған ғылыми негізделген кеңестер ұсынады.

1. Жыныстық қатынаспен қаншалықты жиі айналысу керек

Жүкті болу үшін барлық контрацепциялардан бас тартып, 1-2 күн сайын қынаптық (вагинальды) жыныстық қатынаспен айналысу керек.

Біріншіден, бұл ұрықтың сапасын жақсартады. Зерттеулер көрсеткендей, шәуеттің жиі шығарылуы (эякуляция) ұрықтың санын азайтпастан олардың қозғалғыштығын арттырады.

Екіншіден, жыныстық қатынаспен жиі айналысу аналық жасушаның жетілуіне (овуляция) жол бермейді.

2. Әйел ағзасының бала көтеруге ықтималдығы жоғары уақыты

Әйелдердің жүкті болуға ықтималдығы жоғары менструальдық циклдің кезеңі ұрықтану уақыты деп аталады.
Әдетте ол аналық жасушаның өздігінен жетілуі және оның алдындағы соңғы алты күн. Бірақ, овуляция уақытын анықтау күш немесе қаржылық шығындарды талап етеді.

Сондықтан ұрықтану ықтималдығы жоғары уақытты тек серіктестер жыныстық қатынасқа 1-2 күн сайын түсе алмайтын кезде ғана есептеу керек.

Бұл ретте ең оңай нәрсе цервикальды шырыштың мөлшерін бақылаған дұрыс. Бұл жатыр мойнында пайда болатын мөлдір жабысқақ шырыш. Цервикальды шырыш овуляциядан 5-6 күн бұрын көп мөлшерде өндіріле бастайды және 2-3 тәуліктің ішінде жоғары деңгейге жетеді.

3. Жүкті болуге не кедергі?

Салмақ

Дене массасының индексі сіздің қаншалықты арық немесе толық екеніңізді анықтаудың ең нақты жолы емес. Бірақ, ең қарапайым әдісі екені рас.

Әдетте, дене массасының индексі 19-дан 25-ке дейін болуы керек. Ал дене массасының индекті 30-ға жеткенде, әйелдер мен ерлерде ұрақтылық бұзылады.

Бірақ дене массасының индексі 19-дан төмен әйелдерде менструальдық циклмен қиындықтары болуы мүмкін. Ал, ол бірінші кезекте бала көтеруге қиындық тудырады.

Физикалық ауыртпалықтар

Күнделікті және қарқынды спортпен айналысатын әйелдерде овуляция болмауы мүмкін екені бұрыннан белгілі.

Бірақ бұл жалғыз мәселе емес. 2006 жылы ғалымдар аптасына төрт сағаттан астам уақытқа созылатын жүйелі жаттығу балалы болу ықтималдығын азайтатынын анықтады. Физикалық жаттығумен айналасқанда менструальды цикл бұзылмауы мүмкін. Бірақ ұрықтанған жасушаларды имплантациялауда қиындықтар туындап немесе жүктілік ерте кезеңде тоқтатылуы мүмкін.

Шылым шегу

Шылым әйелдерде аналық бездердің мерзімінен бұрын сарқылуына әкеледі. Бұл ретте етеккір үзілісі ерте басталып және жүктілік жиі тоқтатылады, яғни бала көтеру ықтималдығы азаяды.

Ал ерлерде темекі шәуеттің сапасын төмендетеді. Бірақ, ғылымда темекінің ұрықтануға әсер ететіні жайлы ешқандай нақты дәлел жоқ.

Алкоголь және кофеин

Зерттеулер көрсеткендей, тәулігіне 20 граммнан артық алкоголь және 500 мг-нан астам кофеин ішетін әйелдерде жүкті болу ықтималдығы аз. Бірақ алкоголь және кофеин ұрықтың сапасына әсер етпейді.

Майлау құралдары

Интимді майлаудың көптеген түрлері, соның ішінде сілекей және кейбір өсімдік майлары, шәуетке зиянды әсер етеді.

Жүкті болуға не көмектеспейді

Жыныстық қатынас кезіндегі және одан кейінгі поза.

Ұрық шашудан бұрын немесе кейін болған позиция немесе уақыт жүкті болу ықтималдығына әсер етпейді. Себебі, шәует шығарудан бірнеше секунд өткен соң, ұрық жасушалары жатыр мойнына түсе бастайды.

Диета және витаминдер

Ғылымда әлі күнге дейін қандай да бір диетаның ұрықтануды жеделдете алатыны жайлы ешқандай дәлел жоқ. Бала көтеруді жоспарлап жүрген әйелдерге фолий қышқылын қабылдау ұсынылады. Дегенмен, бұл витамин ұрықтың жүйке түтігінің кемшіліктерін болдырмау үшін ғана қажет.

Кең киім және температураны бақылау

Ұманың қызуы немесе тар іш киім шәуеттің сапасын төмендетуі мүмкін. Бірақ шамалы. Яғни, балалар саны аяққа қойған ноутбуктың температурасына немесе іш киімнің пішініне байланысты емес.

Қаншалықты ұзақ уақыт жүкті болуға тырысу керек

35 жасқа дейінгі әйелдерге бір жылдың ішінде бала көтеру ұсынылады. Егер осы уақыт ішінде жүкті болу мүмкін болмаса, онда әйелдің денсаулығына байланысты қиындықтар болуы ықтимал.

35 жастан кейін жүкті болу мүмкіндігі айтарлықтай аз. Сондықтан әрекеттердің ұзақтығы алты аймен шектеледі.

Әрі қарай не істеу керек:

Егер алты айдан кейін немесе бір жылдың үшінде бала көтеру мүмкін болмаса, міндетті түрде дәрігерге жүгіну керек. Бірінші кезекте – гинекологқа. Себебі, әйелдер жиі бедеуліктен зардап шегеді, сондықтан олар бірінші болып тексеріледі.

Гинеколог циклдің әртүрлі күндерінде гормондардың деңгейін тексеріп, ультрадыбыс жасайды. Жатыр түтігі және жатыр мойынының сұлбасын тексереді. Дегенмен, заманауи технологиялар осындай диагностикалар үшін хирургиялық оталарды аз қолдануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, гинеколог ер адамға қай уақытта және қандай мамандарға бару керектігін түсіндіреді. Еркектерде ең алдымен, шәует тексеріледі. Жыныс мүшелерінің қан айналымын және түрлі гормондарының деңгейлерін тексереді.

Әйелдерде бала көтеруге қатысты қиындықтар немен байланысты болуы мүмкін

Ең жиі кездесетін себептер:

Аналық жыныс безінің қызметінің бұзылуы, эндометриоз, түтіктік бедеулік, жатырдың жабысуы, жатыр мойнының өткізгіштігінің бұзылуы.

Кейде ауру тіркесіміне байланысты болуы мүмкін. Олармен күресу үшін гормондарды, ота, жасанды ұрықтандыруды қолданады. Бұл әдістер өте тиімді және көп жағдайларда көмектеседі.

Еркектерде бала көтеруге қатысты қиындықтар немен байланысты болуы мүмкін

Енбаудың қабынуы (варикоцеле), гормондық бұзылулар, жыныстық органдардың дамуының туа біткен ерекшеліктері, инфецияның салдары.

Бұған дейін қиындықтар гормондар қолдану, ота, антибиотиктер және жасанды ұрықтандыру секілді тәсілдерді қолданумен шешілген. Ал, қазір революциялық әдістер бар. Бүгінде мамандар кемшілігі бар сперматозоидтардың ішінен осы сперматозоидқа жарамды біреуін тауып, жұмыртқаны ұрықтандыра алады. Сондай-ақ, мұндай әрекет жүкті болу ықтималдығын айтарлықтай арттырады.

Талқылау