Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бала кезінде мұрнынан айырылған 17 жастағы Алмагүл 2019 жылды ерекше қарсы алмақ

Алмагүл Жолдасова есін білгелі бетперде киіп жүруге мәжбүр болған. Туа салысымен қыздың мұрнына жара шығып, уақыт өте келе соның кесірінен танауынан түк қалмаған. 17 жастағы қыздың өмірі биылғы мереке қарсаңында өзгерді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған Stan.kz.

Бала кезінде мұрнынан айырылған 17 жастағы Алмагүл 2019 жылды ерекше қарсы алмақ

Биылғы жаңа жылды Алмагүл ерекше қарсы алмақ. Себебі оның мұрны толықтай орнына қайтып келді.

“Өзімді жақсы сезінемін. Бірте-бірте отаның орны жазылып келеді. Болашақта сән ательесін ашқым келеді. Отбасыма көмектессем деймін. Жаңа жылды әдемі қалпымда қарсы алатыныма қатты қуаныштымын”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Алмагүл Жолдасова.

Алмагүлге туа салысымен гемангиома диагнозы қойылған. Анығын айтқанда, қан тамыры ісігі ауруына шалдыққан қыздың мұрнына жара шыққан. Кейіннен ол жара қыздың мұрнынан түк қалдырмайды. Ал ұзақ жылдар бойы бетпердемен жүруге мәжбүр болған қызға 2012 жылы алғаш рет операция жасалған. Медицина қызметкерлері ол кезде мұрынның ішкі қуысын қалыпқа келтіріп, биыл сыртын дұрыстауға ниет еткен. екінші ота да сәтті өтті. Енді Алмагүл бетпердесіз жүре алады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау