Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бала емізген әйел өзін сынағандарға ерекше жолмен жауап берді

Бала емізген әйел өзіне сын айтқан ер адамды орнына қойды.

Мелани Дадли есімді әйел мейрамханада баласын елдің көзінше емізеді. Оның жанынан өтіп бара жатқан ер адам денесін жабуын айтып, жағымсыз пікір айтады. Әйел омырауын жабудың орнына көрпешемен басын жауып алды. Жолдасы әйелдің бұл әрекетін суретке түсіріп алған. Құрбысы Кэрол Локвуд суретті желіге жариялап жіберді.

«Әйелден құрбылары баласын емізу кезінде омырауын жабуды сұраған. Мен оны өмірі көрмегенмін. Бірақ әдемі әйел деп ойлаймын», – деп жазады Кэрол Facebook желісінде.

Ол қоғамдық орында бала емізгендерді сынаушыларды орнына қойғысы келетінін жеткізді.

Кэролдың айтуынша, әйелге сын айтқан ер адамның ескерту жасауын құқығы жоқ. Біріншіден, ғимаратта Цельсия көсеткіші бойынша 32 градус ыстық болды. Екіншіден бұл мұсылман мемлекеті емес.

Бұл жазбамен 192 мың адам бөліскен. Көпшілігі балалы әйелді қолдады.

«Еге ересектер қоғамдық орында тамақтана алатын болса, балалар да тамақтана алуы керек. Әлде анасы дәретханаға барып емізсін бе?», «Бала емізушілеге сын айтатындар оған сексуалды көзқараста қарайтындар, шын мәнінде бала емізуде ешқандай сексуалдық сипат жоқ», – деп  жазады желідегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау