Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақытты әрі бай болуың сыры

Ешкім де кедей, ауру, жалғыз, бақытсыз болғысы келмейді. Тек қатты түңілген сәтте ашумен ойлап кетуі мүмкін. Ақылға келген сәтте жоғарыда айтылғандардан аулақ болғысы келетіндер неге екені белгісіз бақыт пен байлыққа қарай жақындай түсуге өздері тырыспайды екен. Көпшілік тек армандаумен шектеледі.

психология

Stan.kz сайты психологтардың теориясы мен бақытты әрі ауқатты адамдардың тәжірибесін ұштастыра отырып, айналып өтуге тұрарлық, кедейлікке тартатын қасиеттерді тізбектеп көрді.

Өмірдің өзі бір жағынан қысқа, бір жағынан адам төзгісіз зерігерлі болып кетеді кейде. Тіпті әр адам өз өміріндегі қарапайым өзгерістерді де байқамай қалады. Адамдар тек ауыр қиындықты немесе өте көңілді сәттерді ғана байқайды.

Бақытты, бай адамды көрген кезде ол туғаннан жолы болғыш, өзгелерге қарағанда сәттілік соның ғана жолдасы сияқты көрінеді. Оның еш табыссыз бірнеше жыл еңбек еткені, талай қиындықты басынан өткізгені, алға қойған мақсатына жету үшін жастығын, уақытын, ұйқысын қиғанын көпшілік білебермейді. Ол үнемі даму үстінде болған адам. Ал өзгелер оны әбден еңбегі піскен кезде ғана байқаған.

Біз өзге түгілі өз өміріміздегі ақырын жүретін өзгерістерді байқамаймыз. Біреу биіктен көріне қалса «Жолы болып кетіпті», «Қарапайым ғана адам еді», «Кімді жолықтырды екен» деген ойға келеміз. Оның жүрген жолын аңдып өзімізде бақыт пен байлықта шалқып өмір сүруді тек армандаймыз.

Тездетіп сондай дәрежеге жетуді қалаймыз. Істі бастаған сәттен бастап нәтижесінүлкен нәтиже күтеміз. Бірақ, үлкен жетістікке жету үшін ұзақ уақыт төзім, ауыр еңбек қажеттігін білгенімізбен мойындамаймыз.

Көптеген адамның басты қателігі аз уақытта үлкен нәтиже күтетіндігінде. Ал аз-аздан ұзақ жасалатын жұмысқа төзім мен еңбекқорлықтың жетпеуінде. Сондықтан да көптеген болашағы зор, сізді байлық пен бақытқа апаратын ойларыңыз жарты жолда қалып кетеді.

Адамды артқа тартқылайтын тағы бір жаман қасиет ол айналасындағыларға деген алаңдаушылық. Барлық болмай қалған, басталмаған іске өзгелерді кіналау. Мысалы: елдегі дағдарыс, саясаткерлердің жағымсыз болжамы, жемқорлық, мектептегі білімнің жоқтығы деген сияқты бұл тізім кетебереді.

Әр адамның бақытты болуы өз қолында екенін бәрі біледі. Бірақ, ойы осындай дүниелерден босамастан өзін артқа тартып жатқанын көпшілік байқай бермейді.

Кей адамдар өміріндегі өзінің жеңісін, жетістігін өзгелерден қорғаштаумен болады. Жасырып, ұялып жүрген кезде ол өз жеңісінің рахатын сезіну бақытынан айырылады екен. Бұрынғы әдетіне басып өміріне шағымданғаны өзін-өзі өсуден, дамудан қашырғаны.

Бақыт пен байлыққа жібермейтін жаман қасиеттердің бірі- өзгеріске үрке қарау.

Адамның осындай жаман қасиеті талай білімділер мен ақылдылардың бақыттырақ болуына кедергі жасаған.

Қазіргі адамдардың күнделікті әдетіне айналып кеткен, ең жақсы көретін сұрақтары –Не істесек болады?

Психологияда «21-40-90» күнде адамның бір ойы қалай құбылатыны көрсетілген.

Нақтырақ: 21 күннің ішінде адам санасындағы жаңа ой, жаңа әдет қалыпқа түседі. 40 күннің ішінде ескі әдеттер мен ескі ойлар ұмыт қала бастайды. 90 күннің ішінде қайталанып жүрген әдеттер мен жаңа ойлар адамның өміріне айналады. Кейіннен сол 90 күн бойы аузыңыз бен санаңызда жүрген сөз, бастама, ой «әдетке» айналады. Бірақ сіздің ол әдетіңіз өз өміріңізге түрліше ықпал етеді.

Жаңа әдеттер сіз туралы ақпарат беретін өзгелерге өзіңіз ұсынған кілтке айналады. Сондықтан еш пайдасыз «не істейміз?» деген әдеттен көрі «Мен былай істеймін» деген нұсқаларды іздеуді әдетке айналдыру адамды даму жолына түсіреді екен.

Ескі әдетті тастау оңай емес, сондықтан әр затты әдетке айналдырмас бұрын ойды қордалаудан өткізу керек. Әрі жаман әдеттен арыла қоймадым деп өзіңізді мұңға салудың да керегі жоқ, себебі барлығына да уақыт керек.

Өзіңізді дамыту үшін ең кішкентай, қарапайым жетістіктерді де байқап,соған қуанып, әрі оны дамыта түсудің жолдарын қарастыра жүруді әдетке аналдырған жөн.

Оқи отырыңыз:

Қызылорда облысында “Алла” және “Мұхаммед” деген жазуы бар қозы туды

Теріс діни ағымнан қайтқан 52 жастағы шымкенттік азаматтың оқиғасы

Қазақстандық әйел өзін асқан хайуандықпен зорлаған қожайыны туралы айтып берді

Әкесіне өкпелеген 43 жастағы әйел әлі тұрмысқа шыққысы келмей жүр

 

Талқылау