Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақытбек Есентаевтың қарындасы «Баян сұлу» байқауының ақтық кезеңіне өтті (фото)

Еліміздегі ірі кондитерлік фабрикалардың бірі қазіргі уақытта “Баян Сұлу” байқауын ұйымдастырып жатыр. 13 мамырда дауыс беру тоқтатылып, сайыстың ақтық кезеңіне өткен арулардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Әйгерім Қалиева

Әйгерім Қалиева

Дауыс беру нәтижесі бойынша, Адинай Римхаш, Жанар Сәкенова, Әйгерім Қалиева, Мәдина Лепесбай және Қорлан  Мұрат есімді арулар ақтық кезеңге жолдама алды.

Жанар Сәкенова

Жанар Сәкенова

Адинай Римхаш

Адинай Римхаш

Ендігі мәдениет және қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдерінен құралған қазылар алқасы жеңімпазды анықтайтын болады.

Қорлан Мұрат

Қорлан Мұрат

Мадина Лепесбай

Мадина Лепесбай

Айта кетсек, сайыстың ақтық кезеңіне өткен арулардың ішінде Бақытбек Есентаевтың жиен қарындасы Әйгерім Қалиева бар.

Өз кезегінде Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаева қуанышты жаңалығымен бөлісіп, қолдау білдірген көпшілікке алғыс айтты.

«Өшіретін де халық, өсіретін де халық деп бекер айтылмаған ғой. Неше күннен бері сіздердің демеулеріңіз, қолдап дауыс берулеріңіздің арқасында қызым Әйгерім «Баян сұлу» байқауының 1-інші бестігіне ілініп, финалға өтті. Қызымның алдына мақсат қойып, талаптанып, сол талабына бір қадам болсада аттап өткеніне ризамын. Бірінші орын алсын, алмасын, қызымның бір сәтке болсада көзінен қуаныш, езуінен күлкі көргенім – мен үшін баға жетпес бақыт.

Барша оқырмандарымызға, туысқандарымызға алғысымыз шексіз. Менің жүрегімнен шыққан, жүрегіме қуаныш сыйлағандарыңыз үшін, Алла сол қуанышты сіздерге мың еселеп қайтарсын деп тілеймін! Енді бір аптадан кейін сол бес қыздың арасында сайыс болып, жүлдегер анықталады.  Сол кезде де қуанышымызбен бөлісуді жазсын Алла», – деп жазды Нағима Есентаева Instagram-парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Бақытбек Есентаевтың жиен қарындасы “Баян сұлу” сұлулық байқауына қатысып жатқанын жазған едік.

Оқи отырыңыз:

7 жыл бұрын ұлы жоғалып кеткен алматылық әйел оны “өлі күйінде тауып алды”

Ақтөбеде су тасқыны салдарынан баспанасынан айырылған отбасы тағы да далада қалды

4 жылдан бері бала сүйе алмай жүрген қазақ қызы жантебірентерлік хикаясын баяндады

Дәурен Абаев Астананың 20 жылдығы несиелік ақшаға тойланатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Талқылау