Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақыт Сыздықова ішкі істер министріне қоңырау шалып, халықтың одан орнын босатуын сұрап жатқанын айтып берді

Депутат Бақыт Сыздықова Facebook парақшасында министр Қалмұханбет Қасымовқа қоңырау шалғанын,  ол кісімен қандай тақырыпта сөйлескенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бақыт Сыздықова министрдің халықпен бірге Денис Тенді жоқтағанын айтып берді:

“Достар, уәде бергенімдей мен ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа қоңырау шалдым.  Ол телефонын бірден көтерді, біз ұзақ әрі шаруаға байланысты сөйлестік.  Министр олар да халықпен бірге түнімен ұйықтай алмағанын айтты. Зерттеу шараларын жүргізіп, Денисті өлтірген қылмыскерлерді іздеді… Екі күдікті туралы айтып берді. Бірақ БАҚ-та жұмыс істейтін сіздер күдіктілердің көлік жуатын жерде жұмыс істегенін, сосын моншаға арналған сыпыртқыштарды жасаумен айналысқандарын білесіздер. Ал басқа уақытта олар көлік жабдықтарын ұрлайтын болулары керек.  Мен өз кезегімде министрден оның қоғаммен кездесіп, Қазақстандағы қылмыстық жағдайды талқылауын сұрадым. Әлеуметтік желілерде оны қызметінен босату туралы науқандардың ұйымдастырылып жатқанын айттым. Әзірге жауап алған жоқпын. Күтемін. Себебі, ол ойланып көруге уәде берді,” — дейді ол.

Талқылау