Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақыт Сыздықова республикалық диагностикалық орталықты сынға алды

ҚР Парламенті мәжілісі 4-шақырылымының депутаты Бақыт Сыздықова Республикалық диагностикалық орталыққа байланысты арызын айтты. Оның айтуынша мекемені қазіргі таңда бассыздық жайлаған.

_-43

Ол бұл туралы Facebook желісінде мәлімдеді.

«Ғимарат қиыс кетсең тайып жығылатын баспалдақтардан басталады. Сосын сізді қабағы қатулы күзетші қарсы алады. Ол келушілерге сырт киімдерін шешуді қатаң ескертіп жатады. Ал сол бірінші қабаттағы есік үнемі ашық тұрады, сондықтан минус 30-ға жететін суық ауа соғып тұрады. Содан соң екінші қабатқа көтеріліп өзіңнің бөлімің бойынша тіркеуге кезекке тұрасың. Бұл жерден дәрігеріңе жолдама жазып бергеннен кейін, қайтадан бірінші қабатқа түсіп кассаға қажетті ақшасын төлеу керек. Кассадағы көрініс тіпті бөлек. Өте жәй қозғалатын  қыз жұмыс істейтін кассаның кезегі тіпті ұзын-сонар. Бұдан кейін қолыңа чекті алып, қайтадан тіркеу бөліміне барасың. Жәй анализ тапсыру үшін аталған орталықтың ішін мың қайтара шыр айналып шығуға тура келеді» – деп жазды әлеуметтік кәсіптік даму орталығының президенті Фейсбуктағы парақшасына.

Сыздықованың сөзінше, ол депутат болып тұрған кезде де осы мәселені бірнеше рет көтерген. Қоғам қайраткері кассаға шұбатылып кезекке тұрғанша, мұны мобилді банкинг арқылы төлемге ауыстыру керек деп есептейді.

«Астана, XXI ғасыр, жақында ЭКСПО өтпек, ал мен әлі кезекте тұрмын. Құдды бір XX ғасырда, Целиноградта өмір сүріп жатқан секілдімін», – дейді Бақыт Сыздықова.

Осы жазбасы арқылы әлеуметтік желілерді шенеуніктер қарап, ем қабылдаушылардың өмірін жеңілдете түсетін әрекеттерді жүзеге асырады деп үміттенеді.

Талқылау