Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нәжістен жұққан: Қоғамдық дәретханада жуынған бойжеткеннің бетіне жара шығып кетті

Америкалық бойжеткен қоғамдық дәретханада жуынам деп бактерия жұқтырып алды. Оның бетіне үлкен жара шығып кетті.

Бактерия жұққан: Қоғамдық дәретханада жуынған бойжеткеннің бетіне жара шығып кетті
Рэйчел Стар Уизерс Оңтүстік Каролина тұрғыны. Мейрамханадағы сұйық сабынды пайдаланып, бетін жуған. Оның бетіне жара шығып, уақыт өте келе қанай бастайды.
Дәрігерлер 33 жастағы қыздың бетінен Klebsiella oxytoca энтеробактерияларын тапты.
Рэйчел бетіндегі жараны суретке түсіріп көпшілікке көрсетті. Өзгелерді қоғамдық орындарда сақ болуға шақырды.

Klebsiella oxytoca бактериясы сау адамның нәжісінде болады. Егер адамның ағзасына түсіп кетсе, пневмония дертіне әкеледі. Соның салдарынан адамның арқасы аурып, зәр шығару жүйесі бұзылып, тері ауруына шалдығады. Иммунды жүйесі әлсіз адамның өліп кету қаупі бар.

Гигиена жөніндегі австралиялық сарапшы бұған қатысты пікірін айтты.

“Сіздер сабынмен жуыну арқылы барлық бактерияны жоямыз деп ойлайтын шығарсыздар. Мен сіздерге өздеріңізбен бактерияға қарсы гель алып жүруді ұсынар едім. Ол бактерия жұғудан сақтайды”, – дейді ол.

Аризона университетінің микробиологі Чарльз Герба мейрамхана дәретханаларына 296 диспенсер тапты. Олардың 15 пайызында ауру шақыратын сальмонелла, Klebsiella oxytoca, ішек таяқшалары бактериялары болды.

Талқылау