Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бақай” тобы жаңа құраммен өнерге қайта оралмақ

«Кім кінәлі?»  атты әндерімен өнерде өзіндік жолдарын қалыптастыра алған «Бақай» тобы жастардың жүрегінен орын алған еді. Алайда көптен бері екі жігіттер құралған бұл ұжым көрінбей кеткен. 12596659_952460698164014_205564970_o-1000x600

Бұл туралы Baistars.kz хабарлайды.

Біраз танымалдылыққа ие болып қалған әнші жігіттер өнер әлеміне қайта оралмақшы. Бұл жолы топ үлкен сахнаға жаңа құрам, жаңа леппен аяқ басуға ниетті екен.

Топ мүшесі Ержан Үсенбаевтың орнын жас актер, енді әнші Тимур Пиязов басыпты. Жаңа құрамның тырнақалды туындысы «Өмір-ай» атты әнге түсірілген бейнебаян болды. Аталмыш әннің мәтінін Бақдәулет Арыстан, ал әнін жас әнші, сазгер Нұрсұлтан Батырқұлов жазған. Топ мүшесі әрі жетекшісі Бек Шәріптің айтуынша, қазір жаңа құраммен жұмыстар жүргізілуде.

12606908_952460641497353_1473174997_n 12607128_952460694830681_1280954606_n 12625655_952460678164016_1158114917_n 12625670_952460654830685_513843491_n

Талқылау