Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Элтон Джон балаларын еңбекке баулу мақсатында, оларға мирас қалдырмайтын болды

Балалар ауыр еңбектің бағасын түсіне білуі керек, байлық олардың өмірін қайта құртуы мүмкін, -дейді британдық әнші Элтон Джон. Бұл туралы өнер майталманы балаларына дайын байлығын қалдырмау туралы шешім қабылдағанын баяндаған кезде түсіндіре өтті.

джон

Mirror басылымы белгілі әншінің балаларына ауыр еңбектің қадірін түсіндіру үшін жасаған шешімі жайлы жазған.

«Әрине мен балаларыма қомақты қаржыны мирас етіп қалдырғым келеді. Бірақ балаларға дайын қаржыны ұстата салу – қорқынышты. Ата-ананың мұндай шешімі олардың өмірін қайта талқандауға апаруы мүмкін»,-деген әнші.

Оның сөзінше балалары- «ерекше». Сондай-ақ, ол өзін балаларын “қарапайым” етіп көрсетуге тырыспайтынын айтқан.

«Бірақ сіз қандай жағдай болмасын жұмысыңызға құрметпен, қаржыңызға сыйластықпен қарағаныңыз жөн»,-деген Джон.

Әнші сондай-ақ өз сөзінде күйеуімен ортақ тіл табысу жұмыстарын жүргізіп жатқаны жайлы айтқан.

БАҚ-тың ақпараты бойынша 68 жастағы Элтон Джонның байлығы 200 миллион фунтқа жеткен.

Джон мен оның күйеуі Дэвид Фернишаның тойлары 2014 жыл, азаматтық некеде тұрып жатқандарына 9 жыл болған кезде атап өтілген еді. Бұл жұптың Захари және Элайджа есімді екі балалары бар. Балалар құрсақ ананың көмегімен жасанды түрде дүниеге келген еді.

Талқылау