Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ-та Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты жаңа суреттер пайда болды (видео)

Суретті таратқан адам  Әубәкіровтың  өлімі бойынша істе прокурорлар асығыстық жасағанына сенімді екенін айтады. Себебі, оның сөзінше  соңғы суреттерде жүзі анық көріне тұра Ерасылды азаптап жатқан  Аян  Мейрбаев екен.


Бұған дейін еш жерде жарияланбаған бұл суреттерді 31 арнаның редакциясына аты жөнін құпия сақтауды сұраған азаматтар жолдаған. Сурет авторы онда студентті азаптап жатқан жігіттің Аян Мейрбаев екенін сенімді түрде айтады.

Видеодан  жасалған суреттерде  байланған студентті  азаптап жатқан жігіттің жүзі анық көрінген. Телеарнаның хабарлауынша бұрын соңды тура осы суреттер еш жерде көрсетілмеген.

Заңгерлер суретті таратушы істі қайтадан қарап, Аян Мейрбаевты басынан тергеуге шақырып, күдікті ретінде қарастыруды қалайды деп отыр.

«Манипуляция жүріп жатқан сияқты. Адамдар істі басынан тергеп, зерттеуді қалайды. Мен айтар болсам істі қайтадан қарау үшін ол прокурорлардың талабы бойынша немесе  жәбірленушілердің арызымен ғана жүзеге асырылады. Іске заңды түрде араластырылмаған мынадай суреттер ештеңені шеше алмайды»,-дейді заңгер Серік Айтбаев.

Студент Ерасыл Әубәкіровтың өлімі бойынша сот отырысы Астанада 7 қыркүйек күні алқабилердің қатысуымен өткізілетін болады.

Әубәкіровтың жоғалғаны жайлы бірінші болып курстастары дабыл қаққан еді.Ол кезде Ерасыл өзі дайындалып жүрген маңызды емтиханға келе алмай қалған. Оның өліміне күдікті ретінде төрт адам ұсталған еді. Олардың бірі Аян Мейрбаев болды. Кейіннен ол жәбірленушілер қатарына өтіп кетті.

Тергеу кезінде қаскөйлердің Ерасылды өлтірмес бұрын жалдамалы пәтерде азапталғаны анықталды. Оның барлығын оқиғаға қатысты адамдар телефон камерасына түсіріп алған болып шықты.

 

Талқылау