Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Сириялық бүлікшілер тұтқынға түскен баланың басын кесіп алды

Сириялық бүлікшілер БАҚ мәліметінше, палестиналық-сириялық «Аль-Кудс ұйымындағы” баланың басын кесті.

s39911639

Көрнекі сурет: world.fedpress.ru 

Ғаламторда бүлдіршінді аяусыз өлтіргені түсірілген екі ролик пайда болды. Біріншісінде, бес ер адам пикап көлігінде 10-13 жасар баланы ұстап отыр.

Олардың бірі «Бізге балаларын жіберіп жатса, «Аль-Кудс ұйымында» еркек жоқ деген сөз»-, -дейді. Екіншісі: «Мынау сенің иттерің, Башар», – дейді болжам бойынша Сирия басшысына қарата айтып.

Екінші видеода бүлікшінің бірі баланы шашынан ұстап тұрып, итеріп жібереді. Сосын оның басын кесіп алады.

Сириялық оппозициялық Enab Baladi сайтының мәліметінше, бала “Харакят Нур ад-Дин аз-Зинки” жергілікті ұйымы бар Алеппо қаласына жақын маңда тұтқынға түскен.

Соңғы кездері Сирия әскері Алеппоның солтүстігінде соғыс жүргізіп жатыр. Олар Түрік шекарасымен байланыстыратын негізгі жолдан бүлікшілерді аулақтатпақ.

Жіберіп алмаңыз:

Сириядағы террористердің қатарына қосылмақ болған ақтөбеліктер нұсқауды интернет арқылы алған

Қарағандыда жарылыс ұйымдастырмақ болғандар Сирияға аттануды жоспарлаған

13 жасар алматылық содырға ғашық болып, Сирияға бармақ болған

Павлодарда Сириядағы соғысқа бармақ болған жігіт сотталды

Ақтөбедегі террористерге Сириядан үндеу жасалған болуы мүмкін

Талқылау