Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Сабина Алтынбекова Азияның секс-символына айналды

“МИР 24” телеарнасы 2015 жылғы спорттағы жетістіктер рейтингін жариялау кезінде қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың танымалдығына баса назар аударды.

f3868f2415a6c6079a0df657285d77c9

Телеарнаның мәліметінше, волейболшы қыз спорттағы жетістігімен таңғалдырмаса да, сұлулығымен әлемді өзіне қаратқан.

“Алтынбекова Азияның нағыз секс-символына айналды. Оған танымалдылық жастар арасындағы әлем чемпионатынан кейін келді. Қазір Сабина танымалдығы жөнінен кино жұлдыздарынан кем түспейді. Көшеде оны табынушылары жүргізбейді”, – деп атап өтті телеарна.

Еске сала кетейік, қазақстандық волейболшы қыз Сабина Алтынбекова 2014 жылдың шілдесінде интернетте азия елдері арасында жұлдызға айналған болатын. Жанкүйерлердің айтуынша, Алтынбекованың образы жапон анимелерінің кейіпкерлерін еске салады.

Талқылау