Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ-қа шолу. Қазақтардың арғы бабасы христиандар болуы мүмкін

Археологтар Алматы облысы аумағынан Иланбалық ежелгі қаласын тапты. Ал ол жерде деректерге сәйкес христиандар тұрған екен деп жазады (журналист Мәдина Айымбетова) “Время” газеті.

sYQ4kEd55x4

Археолог Карл Байпақовтың сөзінше, XI-XII ғасырларға тиесілі Иланбалық қаласын ғалымдар ұзақ іздеген. Бір қызығы қалада толықтай христиандар жерленген. Оған қабірлерден табылған крест белгісі бар тастар дәлел болады. Байпақовтың ойынша, қазақтардың бабасы мұсылмандар деп тұжырым жасау қате екен.

“Біз бұл қалада түріктер, қазақтардың бабалары және басқа да адамдар тұрғанын білеміз. Сол себепті біздің бабаларымыздың арасында христиандар бар деп те айтуға болады. Мысалы, бұл дінді кейбір түрік қағанаттары да ұстанған. Яғни христиан діні орыстармен бірге емес, олардан әлдеқайда ерте пайда болған. Тиісінше буддизм, ислам діндері секілді бұл дін де Жібек Жолы бойында кең қанат жайды”, – дейді Байпақов.

Мамандардың сөзінше, олар қалашықты ешкім тонап кетпес үшін сенсациялық жаңалықты біраз уақыт құпия ұстаған. Сондай-ақ, аталмыш қала орнынан тек қабірлер емес, XIII-XIV ғасырларда қолданылған дирхам монеттер қоймасы да табылыпты.

Оқи отырыңыз:

Профессор: Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың жағдайы енді жақсармайды

ОҚО-да Қайрат Нұртас мүгедек балаларға тосынсый жасады (видео)

Қазақстандық жұлдыздар тойдан қанша табыс табады?

Ата-анасы Мейрамбек Беспаевқа қыздарын бермей қойған

Талқылау