Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ Ердоғанның салтанатты өмірі туралы репортаж жасады (фото)

Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанның әйелі өзі айтқандай бақуатты мұсылман отбасында өмір сүріп жатқанымен, оның ақшаны көп жұмсауды ұнататынын бәрі біледі. Forbes журналының мәліметінше, Түркия басшысының табысы 185 миллион долларды құраған, – деп жазады Daily Mail басылымы.

1069

Ел президентінің жары Эмине шопинг турлардан қалмайды. Ол дизайнерлік киімдер мен қымбат антикварлы заттар алуға ақшасын аямайды. Келісі екі мың доллар тұратын ақ шайдың бір стаканын 350 долларға алады. Ал, халықтың төрттен бір бөлігі күніне 4 долларға өмір сүреді.

480

Бұдан бөлек Анкарадағы салтанатты сарайды айта кетуге болады. Сарай шамамен 660 миллион долларға жасалған. Оның құрылыс жұмысына ақшаны еш аямаған. Жібек қаптамалардың әр орамасын 2,5 мың долларға сатып алған. Екі есікті комплектілердің әрқайсысы 47 мың долларға шыққан. Кілемдер 9,2 миллион долларға бағаланған.

584

Бірде Эмине дизайнерлік шоппинг жасау үшін Брюссельдегі сауда үйін жаптырып тастаған еді.

1207

Жолдасын Варшаваға шығарып салған Эмине антикварлар үшін 50 мың доллар ақша жұмсаған.

2128

677

Эрдоған Ақ сарайды елдің көркеюіне қосқан үлесі деп санайды. 15 маусым күні шабуылшылар сарайға оқ атқан еді. Алайда, келтірілген шығын көлемі айтылған жоқ. Бұл сарай Эрдоғанның резиденциясы ғана емес, бұйрық беруші бақылау орталығы. АҚШ-тың Ақ үйі секілді мұнда да төтенше жағдай орын алғанда жасырынатын бөлемелер мен биологиялық, химиялық, ядролық қақтығыстарға төтеп беретін бункерлер бар.

771

Ердоғандар отбасы Анкара табиғатында 660 миллион долларға демалғанды ұнатады.

869

Президент пен жары мемлекет меншігіне жататын Стамбұлдағы Долмабахче сарайында салтанатты рәсімдер ұйымдастырады.

1259

Жалпы алғанда Эрдоғандар отбасына қатысты айтылатын сын аз. Себебі, сынаған адам түрмеге жабылуы мүмкін.

1069

Эмине мен Реджеп Тайип Эрдоған

1348

1442

15 маусым күні елде болған төңкеріске тосқауыл қойылып, ел президенті халықты билікті басып алмақ болған әскерилерге қарсы тұруға шақырды.

1829

Шабуыл салдарынан 250-ге жуық адам өліп, 2800 әскери бүлікші ұсталған еді. Ердоған қаза тапқандар үшін кінәлілерді жазасыз қалдырмайтынын айтқан.

2019

2221

Жіберіп алмаңыз:

Ердоған екі бірдей оққағарын көтерілісшілердің өлтіріп кеткенін айтты

Ердоған Ыстамбұл әуежайынан халыққа үндеу жолдады

Ердоғанның Путиннен кешірім сұрамағаны белгілі болды

Талқылау