Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Бельгия терактісіне қатысы бар күдіктілердің суретін жариялады

Полиция қызметкерлері терактіні ұйымдастыруы мүмкін деген үш күдіктінің кім екенін анықтады. Олардың екеуі қайтыс болған болуы мүмкін. Ал үшіншісіне іздеу жарияланған. Бұл туралы прокурор Фредерик Ван Лев мәлімдеді.

image

“Полиция Бельгиядағы терактіні ұйымдастырған үш күдіктінің кім екенін анықтады, олардың екеуі қайтыс болған болуы әбден мүмкін, ал үшіншісіне іздеу салынды”, – дейді ол.

Бұдан өзге полиция тірі болуы мүмкін деген күдіктінің суретін көрсетті. Сурет әуежай камерасы түсірген бейнебақылаудан алынған. Алайда ақ жемпір мен шляпа киген жігіттің жүзі анық көрінбейді. Бұл суретті Бельгия басылымдары жариялаған. Енді полиция қызметкерлері жігіттің анық түскен суретін көрсетіп, оған ресми түрде іздеу салды.

Мұнымен қатар, Ван Лев антитеррористік операциялардың барлық Бельгияда жүргізіліп жатқаны мен Брюссель мен Парижде болған терактілерді байланыстырудың әлі ерте екенін мәлімдеді.

“Өкінішке орай, қайтыс болғандар мен жарақат алғандардың саны көп”, – дейді ол.

БАҚ өкілдері аурухана, құтқарушы, жергілікті билік өкілерінде бар ақпаратқа сүйеніп Брюссель әуежайындағы екі жарылыстан, Мальбек метро станциясындағы оқыс оқиғадан 34 адам  қайтыс болып, 230 адамның жарақат алғанын хабарлады.

Естеріңізде болса осы уақытқа дейін “Ислам мемлекеті” ұйымының Брюссельдегі жойқын терактілерді өз мойнына алғаны туралы жазған болатынбыз.

 

Талқылау