БАҚ: Александр Цекало өзінен 30 жас кіші Қазақстанның тумасымен төртінші некесін қиды

Танымал ресейлік шоумен Александр Цекало Қазақстанның 27 жастағы тумасы Дарина Эрвинмен төртінші некесін қиды. Олардың неке қию рәсімі Беверли-Хиллзде туыстары мен жақындарының ортасында өтті.

БАҚ: Александр Цекало өзінен 30 жас кіші Қазақстанның тумасымен төртінші некесін қиды

Бұл туралы «СтарХит» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Инсайдерлердің сөзінше, Цекало мен Дарина дүркіреген тойдан уақытша бас тартқан. Олар Беверли-Хиллзде некесін қиыпты. Қарпайым үйлену тойында жас жұбайлардың туыстары мен жақындары ғана болған.

Дарина өзінің тегін қалдырғысы келген. Алайда артынша танымал күйеуінің тегін алуды жөн көріпті. Айта кетсек, Цекало әйелінен 30 жас үлкен. 

Басылым мәліметінше, жас жұбайлар үйлену тойын биылғы жылдың мамыр айында өткізбек. Әзірге тойдың қайда өтетіні белгісіз. 

Дарина Сапарова – Алматы қаласының тумасы. Ол бұрын Америкаға көшіп кетіп, азаматтығы мен тегін ауыстырған. Бойжеткен модель, голливудтық актриса және суретші ретінде танымал.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр