Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағым Мұхитденова Димаштан кешірім “сұратқызған” басылымды сотқа берді

Белгілі продюсер Бағым Мұхитденова Димаштан кешірім “сұратқызған” Facebook-тегі Osek.kz парақшасын сотқа бермек.

16465141_986996444767730_2305563999548211200_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Аталған парақша Бағым Мұхитденованың ел алдында Димаш Құдайбергеннен кешірім сұрағанын жазған. Алайда шын мәнінде олай емес. Продюсер 4 жыл бұрын Димашқа айтқан сынын орынды деп санайды.

«Қазақстандық продюсер әрі Баян Есентаеваның сіңлісі Бағым Мұхитденова 2013 жылы «Саз әлемі» байқауында Димаш Құдайбергеннің талантын бағаламағаны үшін ел алдында кешірім сұрады.

Мұхитденова «даусы жоқ» материалдан жұлдыз жасауға үйреніп қалғанын, сол себепті Димаштың вокалын тыңдағанда тығырыққа тірелгенін мойындады.

Продюсердің айтуынша, қазақстандық шоу-бизнестің қалыптасқан форматы 5 октаваға дейін жететін диапазонды емес, сексуалдылықты, гламур мен жылтыр моншақтарды, сондай-ақ Instagram-дағы миллион оқырманды жоғары бағалайды.

Мұхитденованың пікірінше, қазақстандық жастардың үздік бейнесі мынадай: минимум ақыл-парасат, максимум сән-салтанатқа ұмтылу, мағынасы жоқ әндер мен орташа вокал. Осындай болсаң, халықтың махаббатына бөлетінің сөзсіз. Ал продюсер жобаны өңдеп, сол арқылы ақша табудың жолын жақсы біледі.

Сондықтан да Бағым Мұхитденова 4 жыл бұрын Димаш Құдайберген туралы айтқан пікірінде қалып отыр», – деп жазады Facebook-тегі парақша.

Бағым Мұхитденова келтірілген деректерді жоққа шығарып, істі бұл күйінде қалдырмайтынын мәлімдеді.

«Мен бермеген сұхбатты жариялайтын осындай сайттарды түсінбеймін. Шынында түсінбеймін, неге мен кешірім сұрауым керек? Мұндай сұхбатты қалай жариялауға болатынын мүлдем түсіне алмаймын, тіпті ақыл-есі кем адам мұндай сөздерді айтпас еді! Мен соққы жұмсауға арналған груша емеспін және ондайға жол бермеймін! Әрине, мұны бұлай қалдыратын ойым да жоқ! Бұл сайт менен ғана емес, бірнеше жаннан кешірім сұрауға мәжбүр болады. Сотта кездесеміз», – деп жазды ашынған продюсер.

багым комментарий

Еске сала кетейік, 2013 жылы «Саз әлемі» бағдарламасында Бағым Мұхитденова Димаштың әні мен орындаушылық шеберлігін сынға алған.

Жіберіп алмаңыз:

Мұхтар Тайжан “Нұр Отаннан” Димашты саясатқа араластырмауларын сұрады

Әлемдік басылымда Димаш туралы мақала жарық көрді

Енді қазақстандықтар Димашты тек ғаламтордан көруі мүмкін

Димаштың атын пайдаланған алаяқтың кім екені анықталды

Анасы Қытай заңына сай осы күнге дейін Димашқа салынған тыйымдар жайлы айтты

Талқылау