Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағым Мұхиденова: Жалынып сұраймын барлығын доғарыңыздаршы

Баян Есентаеваның туған сіңлісі Бағым Мұхиденова халыққа өтініш айтты.

image

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Танымал продюсер Баян Есентаева күйеуі пышақтап ауруханаға түскен болатын. Бұл жаңалықты естіген жұрт түрлі пікір білдірген-ді. Бірі Есентаеваны жақтаса, енді бірі өзіне де сол керегін айтып сынап тастаған-ды. Осыған орай, продюсердің туған сіңлісі халыққа өтініш айтты.

“Қымбатты достар! Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіге кіруге мұршам келмеді, мұндайды Алла бастарыңызға бермесін! Мен оны мәңгілікке жоғалтып аламын ба деп қорықтым. Әпкемді сондай қатты жақсы көремін! Ол маған бала күнімнен қарайлап, мектепке манжеттерім мен киімдерімді тігіп берген ең жақын адамым. Бүгін де ешнәрсе өзгерген жоқ. Ол қамқоршы әпкем болып қала береді…

Дәл қазір қорғансыз, бір уыс болып жатыр. Сіздердің қаңқу сөздеріңізге жауап қайтара алмайды, өзінің суретін салуға да тыйым сала алмайды. (Ауруханада адамгершілік пен мәдениеттен жұрдай медбикелердің бірі оның суретін әлеуметтік желіге салып жіберіпті. Осы әрекеті үшін жазасын алатын болады).

Мен сіздерден барлығын доғаруларыңызды жалынып сұраймын. Баян тас емес, ол да қорғансыз әйел. Оның елімізге еңбегі сіңді және мұны ешкім жоққа шығара алмайды! Мен сіздерден жәй ғана доғарыңыздаршы деп сұраймын…”, – дейді Бағым Мұхиденова.

Музыкалық продюсердің бұл сөзін көбісі қоштай түскен. Олар да әртүрлі пікірдің балаларға әсер ететінін айтып жатыр.

Баян Есентаева маусымның 10-ы күні сағат 12:55 шамасында Талғар қаласының ауруханасына жеткізілген. Ол бас-ми жарақатын алып, мұрны сынып, кеуде тұсынан пышақталған. Оған ота жасалып, дәл қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер әлі де жағдайының ауыр екенін айтады.


Жіберіп алмаңыздар:

Әсел Ақбарова күтпеген жерден Баян Есентаеваны алмастырды

Баян Есентаева жұртқа хан сарайындай үйін көрсетті (видео)

Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)

Баян Есентаева байқау ұйымдастырғанын ұмытып кеткен

Талқылау