Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағлан Әбдірайымов той орталығын ашты

“Жігіттер” квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов кішігірім кәсібін бастады. Ол той-томалақтарды ұйымдастыратын орталық ашып жатқанын хабарлады.

18579506_439184403113199_8610785936667574272_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қасиетті Рамазан айында жаңа істі қолға алған Бағлан той орталығының ашылу салтанатына әріптестерін шақырған. Бұл туралы желіде ақын Айнұр Тұрсынбаева жазды.

“Адамның артынан артық әңгіме айтпайтын, бос сөзді бойына жуытпайтын, екіжүзділіктен ада, атағына абыройы сай, азамат деген атына лайықты тірлікпен ғана жүретін парасатты Бағлан бауырымыз үлкен той орталығын ашып жатыр екен, Алла берекесін берсін! Оразадағы бастаманың игілігін көр!” – деп ақ тілегін жолдады Тұрсынбаева.

Айтпақшы той-думан орталығын әнші өз атымен атапты.

Естеріңізде болса, “Жігіттердің” әншісі Айдар Байжанов өз есімімен аталатын шәй шығара бастаған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Бағлан Жасұлан Базарбаев жайлы: Денесі – үлкен, санасы – баланікі

Тырнағына маникюр жасататын әнші жігіттер кімдер?

Асан Пердешов әйеліне қол көтергендіктен ажырасқанын мойындады

Жұрт ескінің әншісі санайтын Заттыбек заманауи шаш үлгісімен таңғалдырды

Талқылау