Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағлан Әбдірайымов Байзақованы клипке түсірген жігіттерді астарлы сынмен сыбап алды

Атышулы Айжан Байзақовамен бірге клипке түскен Alem Band тобы қатал сынға ұшырады. Бағлан Әбдірайымов “хайп” қуып, рейтингтің жетегінде кеткендерге қатысты өткір ойын ортаға салды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бағлан Әбдірайымов

“Жігіттер” квартетінің әншісі айтар ойын астарлы мағынада жеткізген.

“Еркош, аузыңнан ана сүті дәмі кетпеген, буыны қатпаған, сары ауыз балапан едің. Бүгін міне, Байзаковамен клипке түсіп, көтенін сипап жігіт болыпсың! Қасыңдағы жігіттерді де құттықтап қой! Ата-аналарың ағайын-туыстың алдында беделдері артып, “міне біздің балаларымыз” деп мақтанып жатқан болар, ия? Рухани жаңғыру аясында руханиятымызды дамытуға қосқан үлестерің үшін алғыс айтам! Отбасымызбен дастархан басында сүйсініп тамашалайтын клип екен! Клипке кеткен шығынды “садақа” деп қабылдаңдар, еке есе қайтады ғой! Аман болыңдар!” – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Бұл орайда желі оқырмандары Бағланның дөп түскенін айтып, халықтың ойын жеткізгені үшін алғыс айтуда.

“Дұрыс айтылған сөз. Ұятын айтсай, қалай ұялмай теледидардан көрсетеді”, “МашАллаһ, намысқой жігіттерден айналып кетесің ғой, бір қуанып”, “Саналарына жеткізіп айттыңыз. Соны тыңдайтын құлақ болса. Ана клипті қараудың өзі ұят қой. Жетіскен екен”, – деп жазды олар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау