Бағлан Әбдірайымов асабалық қызмет көрсететінін айтты

Дүйсенбі, 19 Маусым , 2017 16:32

Жуырда ғана той орталығын ашқан Бағлан Әбдірайымов асабалық кәсіппен айналысатынын айтып, жұртты таңғалдырды.

19121822_1564402860268184_1519305948944924672_n

Бұл туралы әнші “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Осы күнге дейін қолымнан келгенше кәсіптің түр-түрімен айналыстым ғой. Шындап келгенде, қанша атақты болғанымен, әншілердің барлығы тойдың маңайынан табады табысты. Тойдан табыс табамыз, тойдан киінеміз, тойдан үй аламыз.

Уақыт өткен сайын той-томалақтың өту әдісі, бағыты өзгеріп келе жатыр. Осыдан 5-10 жыл бұрынғы тойларды салыстырсаңыз, бүгінгі тойлар ерекше өтеді. Кәдімгі концерт сияқты өтіп жатыр. Сол сияқты біз де кішігірім кәсіпті бастап жатырмыз. Сондай қуанышқа атсалысып, әрбір қуанышты ерекше есте қалатындай қылып, түрлі-түрлі қызықты сыйлықтарымызды жасап, қуаныштың үстіне қуаныш қоссақ деген бағытта жасап жатырмыз”, – дейді Бағлан.

Бұл орталықтың басты ерекшелігі – Бағлан Әбдірайымовтың өзі. Орталыққа хабарласқан әрбір той иесіне өзі жауап беріп, өзі ұйымдастыратын көрінеді.

«Бастапқы 6 ай көлемінде орталықтың номері өзімде болады. Өзім сөйлесіп, өзім қабылдап, сөйлесіп, кездесіп, бастамасын солай бастаймыз.

Біздің ұсынатын қызметтің шетінде өзімнің де атым тұрады. Асабалық қызмет көрсетеміз деген. Бәлкім біреулерге қызық болуы мүмкін, бірнеше жыл бойы ән айтып жүріп, қалай той жүргізеді деген сияқты. Бәлкім біреулер қызығушылықпен шақырады деген сияқты. Болса да төлемақысы аз болмайды», – дейді әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Жүкті кезінде жалаңаштанған Диана Шарапова қызды болды (фото)

Мәдина Сәдуақасова 3 жасқа толған ұлына патшаның киімін кигізді (фото, видео)

Ұлдарына еден жуғызған Қыдырәлі Болманов желідегілерді таңғалдырды (видео)

Бибігүл Төлегенова: Қазақ жігіттері байыса, 4-5 бала туған әйелін керек қылмайды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар