Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағлан Әбдірайымов: Әріптестерім жеке өмірлерін жария етіп, жастарға теріс үлгі көрсетіп жатыр

Бағлан Әбдірайымов бүгінде өнер иелерінің қоғамда құны түсіп кеткенін айтып, дабыл қағуда. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген әнші, отандық шоу-бизнес өкілдерінің шынайы бет-пердесін ашып берді. Әсіресе, жеке өмірін жұртқа жария қылатын әріптестерінің қылығын түсіне алмай жүр.

«Бір өкініштісі іні-қарындастарымыз осы өнер адамдарының әндерін жаттап, фанаттары болып, гүл шоқтарын сыйлап, хаттар жазып, түрлі сыйлықтар беріп қолдау көрсетіп жатады ғой. Ал, олардың жеке өміріндегі келеңсіз жаңалықтары жайлы айту керек емес сияқты. Өйткені іні-қарындастар өсіп келе жатыр», – дейді Бағлан.

Бағланның бұлай деуінің де өзіндік себебі бар! Әншінің сөзінше, жұлдыздардың жеке өмірі жайлы ақпарат тыңдармандардың психологиясына әсер етіп, санасына сызат түсіреді деп отыр.

«Мысалы, бір әнші әпке немесе қарындасымызды алайық. Оны барлығы жақсы көреді. Бірақ ол бірнеше рет тұрмысқа шыққан. Баласы бар делік. Оның барлығы сол әртісті жақсы көретін кішкентай қыздардың санасына әсер етеді. Өйткені оның әнін жаттайды, оның өміріне қанық болады. Кейін есейген соң психологиясына әсер етеді. Кезінде менің де сүйікті әншім ажырасқан еді ғой, бірнеше рет тұрмыс құрған еді ғой деп. Ештеңе етпес, бақытын тауып жүр ғой деп жас қыздың санасына қалыптасады. Содан кейін олда өзінің кумирінің қателігін қайталауы мүмкін. Одан кейін отбасындағы алған ата-анасының тәрбиесі жайына қалады. Өйткені, өзім білемінге кетіп қалады», – дейді Бағлан Әбдірайымов.

Сондай-ақ, сұхбат барысында Бағлан әріптестерін де сынға алды. Әбдірайымовтың айтуынша, әлеуметтік желіде отыратын әншілер қауымының шынайы бейнесі мың құбылатын көрінеді. Инстаграмды ақылдының кейпіне енгенімен, өмірде керісінше әрекет жасаған жұлдыздардың қылығына талай мәрте куә болған.

«Менің байқағаным әркім өзінің парақшасын дұрыс пайдаланғаны дұрыс сияқты. Өмірде басқа болып, әлеуметтік желіде басқа сөз айтып жүру дұрыс емес. Кейбір кезде әртістерден сондай нәрселерде байқалады», – дейді «Жігіттер» тобының әншісі.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Дастан: Бақыттымын, көптен күткен перзентім дүниеге келді

Нағыз өнер адамының жары: Достары Асылхан Төлеповтің жұбайын сипаттап берді (видео)

Баян Есентаеваның сүйіктісі тележүргізушілікке бет бұрды

Қайрат Түнтеков ауыр дерттен көз жұмған қарындасына ән арнап, елді жылатты (видео)

Талқылау