Бағдат Мусин Алматыдағы iPhone жасайтын жасырын цех туралы: Бұл керемет емес пе!

Сейсенбі, 26 Қыркүйек , 2017 12:00

ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің басшысы Бағдат Мусин Алматыдан табылған жалған айфон жасайтын цех туралы өз пікірін білдірді.

Фото: Forbes

Бұл туралы ол Фейсбуктегі парақшасында жазды.

“Жігіттер iPhone жасаған ба? Керемет ғой! Менің ойымша керісінше олардың өндіріспен айналысуына мүмкіндік беру керек сияқты. Цехқа өндіріске қажетті техника мен жабдықтар әкеліп беру керек. Жеңілдік бағдарламалар бойынша қаржыландыру керек. Неге олай жасамасқа? Бәрібір цифрлы Қазақстан туралы жариялап отырмыз ғой. Егер олар арзан құрамдас бөліктер арқылы iPhone құрастырып жатса, онда олардың қабілеті бар деген сөз. Бұл дегеніңіз тамаша кәсіпкерлік бастама”, – деп жазады ол.

Еске салсақ, кеше Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті қаладағы “Аэровокзал” аумағынан iPhone құрастыратын жасанды цех табылғанын хабарлаған еді. Тексеру кезінде олардан 30 дана iPhone өнімі тәркіленген.

Оқи отырыңыз:

Зайсанды қар басып қалды (видео)

Төлешовтың тоқалдары тұрған үйлер кімнің меншігіне өтті? (фото)

“Жеңгетайлықпен” айналысқан депутат Юлия Каралаш туралы не білеміз

Қазақстанда сотталғандар үшін электронды білезіктер қолданысқа енгізіледі

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Заң қызметкері мынадай деген соң басқалар не күтесің…

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар