Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

BAFTA байқауында Ди Каприо үздік актер атанды

Алехандро Гонсалес Иньярритудың «Жансебіл» (The Revenant) драмасы Лондонда өткен Британның кино және телевидения академиясының сыйлығын тапсыру салтанатында (BAFTA) үздік фильм деп танылды.

bafta

Сурет www.ntv.ru сайтынан алынды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Жансебіл» байқауда сегіз аталым бойынша ұсынылып оның бесеуіне қол жеткізді. Иньярриту үздік режиссер атанды, бас кейіпкерді сомдаған Леонардо Ди Каприоға үздік актер сыйлығы берілді.

Байқауда Бри Ларсон «Бөлме» фильмінде ойнаған рөлі үшін үздік актриса деп танылды.

BAFTA сыйлығын көпшілік Америка киноакадемиясының (Оскар сыйлығы) қазылар алқасының дауыс беру шарасының көрсеткіші деп санайды, өйткені осы байқауда жүлдегерлері келесі сыйлыққа да ие болуы мүмкін.

Талқылау