Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАӘ-нен “үлескер қаржысын жымқырған” күдікті елімізге қайтарылды

Біріккен Араб Әмірліктерінен (БАӘ) “сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жұмсау немесе иелену” айыбы бойынша іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Мирхат Әлімбетов экстрадицияланды деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі.

11554402

Сурет: newskaz.ru 

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Прокуратураның мәліметінше, 45 жастағы Әлімбетов 2005-2008 жылдары “Какаду” фирмасының иесі әрі директоры бола отырып  Астанада “Қыпшақ” тұрғын үй құрылысын салу кезінде үлескерлердің 397 миллион теңгеден астам қаржысын және мемлекеттің 434 миллионнан астам теңгесін заңсыз иемденген.

“2012 жылы Әлімбетовтің Дубайда жүргені анықталып, 2016 жылы 4 сәуірде БАӘ құқық қорғау орындары оны екі ел арасындағы келісім бойынша Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім шығарды” делінген ресми ақпаратта.

Қазір күдікті Астанадағы тергеу изоляторына қамалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Талқылау