Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАӘ-де әлемдегі ең салмағы ауыр әйел көз жұмды

Әлемдегі салмағы ауыр әйел египеттік Иман Ахмед Абдулатти салмағын азайтуға байлагысты жасалған операциядан кейін көз жұмды.

Бастапқыда салмағы 500 келі болған әйел Үндістанда емделу кезінде 200 келі салмақ тастаған. Бірақ, әпкесі дәрігерлердің жұмысына көңілі толмай, әйелді Әбу-Дабиге алып кетеді.

“Иман 25 қыркүйек күні таңда қайтыс болды. Оны 20 адамнан тұратын білікті мамандар тобы қадағалаған болатын. Біз оның жақындарына қайғырып көңіл айтамыз”, – делінген аурухана хабарламасында.

36 жастағы әйелдің жағдайы былтырғы жылдың қазан айынан бері нашарлаған. Ол инсульт алғаннан кейін төсекке таңылып қалады.

Оқи отырыңыз:

Трамптың беделі түсті: 57% америкалықтар оның әрекеттеріне қарсы

Италиялық сәнгер Иванка Трампты ұрлық жасады деп айыптады

Мұғалім мектептің 30 мың доллар ақшасын казиноға тігіп, ұтылып қалған

“Мисс Түркия-2017” жеңімпазы етеккір туралы жазбасына бола тәжінен айырылды

Талқылау