Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАӘ-де 50 градус ыстықта жаңбырды жасанды жолмен жаудыратын технология сыналды

Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) әртүрлі аймақтарында сәрсенбіден бастап жауын-шашын тудыратын жаңа технологияларды сынау салдарынан 50 градус ыстыққа қарамастан нөсер жауын төгіп тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап. 

"Жаңбыр БАӘ-тің Хатта ауылының солтүстігінде Хаджар таулы аймағында, Вади аль-Хилу, Калба жолы және Хувайлат аудандарында жауды", – деп жазады жергілікті Storm center ауа райы порталы.

Атаулы технологиялар құрғақ жаз маусымында қолданылады.

Ұлттық метеорологиялық бюро, өз кезегінде, араб әмірлігінің астанасы Абу-Дабиге жақын Аль-Айн елді мекендерінде ауа температурасы 47 градусқа дейін көтерілген уақытта жаңбыр жауды деп хабарлайды. 

Синоптиктердің айтуынша Біріккен Араб Әмірліктерінде бұлттарға су себу бойынша арнайы тәжірибелерден кейін жазғы маусымда, Әмірліктерде жауын-шашын күтілмеген уақытта жаңбыр жауған.

Ыстық және құрғақ БАӘ-де үкімет жаңбыр тудыратын технологияларды белсенді түрде дамытып жатыр, атап айтсақ, осы көктемде жауын-шашынның көбеюінің жаңа тәсілдерін сынау басталды. Осы мақсатта Әмірліктерде химиялық қосылыстар қолданбай бұлттағы электр разрядтарын пайдаланып жауын жауғызатын дрондарды қолдана бастады.   
 

Талқылау