Бүтіндей бір отбасының өліміне себеп болған жүргізуші миллион теңге төлеп қамаудан босап шықты

Павлодар облысында рөлге мас күйінде отырып, жол апатына себеп болған 59 жастағы жүргізуші кепілмен босап шықты. Ал апат салдарынан екі айлық сәби мен оның ата-анасы көз жұмған еді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Бүтіндей бір отбасының өліміне себеп болған жүргізуші миллион теңге төлеп қамаудан босатылды

Жол-көлік оқиғасы Павлодар-Қызылорда тасжолының аумағында болған. Toyota маркалы көлік жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, екінші жеңіл көлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан 40 жастағы Дмитрий Парфенов, оның азаматтық некедегі әйелі Галина мен екі айлық ұлы Артем көз жұмды.

Бүтіндей бір отбасын ойран еткен мас жүргізушінің ісі өңір тұрғындарын қайран қалдырды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Алайда Екібастұз соты оны 1 миллион 200 мың теңге кепілмен босатқан. Ендігі жол апатынан қаза тапқан отбасының туыстары күдіктінің сот шешімін қамауда күткенін талап етіп отыр.

«Біз оның қалайша 3 адамды өлтіргенін түсіне алмай отырмыз. Оның кесірінен үш адам көз жұмды. Оны кепілмен босатыпты. Қазір ол үйінде. Аман-сау. Рахат өмір сүріп жатыр», – дейді қайтыс болған ер адамның әпкесі Елена Парфенова.

Оқи отырыңыз:

Құлдықта ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі: Алматыда жеңгетайлардан қашқан қыз басынан өткен оқиғасын айтып берді

Астаналық дәрігерлер насыбайдан зардап шегіп, ем іздеген жасөспірімдердің көбеюіне алаңдаулы

«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытатын шетелдік оқу орындарының тізімі өзгерді

Алматы облысындағы майордың өлімі: Төбелестен тірі қалған жалғыз адам аяқ асты күдікті болып шыға келді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар