Бүркіт жаңа фильмін түсіру үшін көлігін өртеп жіберді (видео)

Әнші Бүркіт «Загадай желание» аталатын кезекті фильмін түсіріп жатыр. Ол фильм түсіру кезінде көлікті өртеп жіберді, деп жазады Stan.kz.

Бүркіт фильм түсіру үшін көлігін өртеп жіберді (видео)

Әнші желідегі парақшасында өртеніп жатқан көліктің жанында тұрған видеосын жариялады.

 

Өз сөзінде ол жаңа туындысының жарық көретін уақытын белгілегендерін айтты. Белгілі болғандай, экшн-комедия жанрында түсірілген фильм 29 қарашада көрермендеріне жол тартады.

Айта кетсек, фильмде Бүркіттің өзі және жұбайы Аиша, актер Нұрлан Қоянбаев, Баян Алагөзова, Айым Сейітметова, Серік Ибрагимов, Бауыржан Сатов рөл сомдаған.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр