Бүркіт пен Айша үйде кімнің қожайын екенін ашып айтты

Дүйсенбі, 22 Тамыз , 2016 13:48

Отбасын құрғанға дейін Айша Бүркітті бірнеше жыл қатарынан жүгіртіп, көпке дейін қарамай жүрген екен. Тіпті, Бүркіт оған үш мәрте үйлену туралы ұсыныс жасауға мәжбүр болған. Бүгінде екеуі тату-тәтті өмір сүріп, екі ұл бала тәрбиелеп отыр. Жұлдызды жұп бақытты некенің құпиясын ашып, отбасынің тізгіні кімде екенін ашып айтты.

14073012_1573482359620299_1145521998_n

Фото: instagram.com/aisha_vee/

Бұл туралы “Гәкку” арнасы хабарлайды.

Үйде кім қожайын?

Бүркіт: Әл-ауқатымыз бен өмірімізге қатысты маңызды шешімдерді мен қабылдаймын. Бірақ әрдайым әйеліммен кеңесемін. Жалғыз өзім шешім қабылдайтын кездер сирек болады. Бір бас жақсы, екеу одан да жақсы. Ал Айша үй шаруасын реттеп отырады. Ол түрлі жоба мен түсірілімге атсалысып жүргеніне қарамастан, үйді мұнтаздай етіп ұстайды.

Айша: Отбасылық өмірде нәзік болып, ерімді тыңдай білуді үйрендім. Бұрындары барлық шешімді тек өзім ғана қабылдайтынмын. Дәл қазір жауапкершіліктің барлығы жолдасымның мойнында. Қасыңда жауапкершілікті толығымен өз мойнына ала білетін адамның болғаны сондай жақсы.

Бақытты некенің құпиясы туралы

Бүркіт: Бір-бірімізді түсіне білуіміздің себебін ашып айта алмаймын. Сезім мәселесінде ешнәрсені алдын ала болжау мүмкін емес.

Айша: Отбасының берекесін кіргізіп отыратын әйел адам. Ол шаңырақты жамандықтан қорғап, түтінін сөндірмей түтетіп отырады. Ал махаббат өмірімізге түрлі таңғажайып оқиғаны алып келеді. Сүйіктіңіздің сөзіне құлақ асу арқылы кез келген жағымсыз мінезден арылуға болады. Біз үнемі бір-бірімізге құлақ асып, қалауларымызды ескереміз.


Жіберіп алмаңыз:

Шетел аралағанды ұнататын Бүркіт отбасымен Балқашта демалуда (фото, видео)

Бүркіт алғаш рет туған інісін көрсетті

Бүркіттің Айшасын біреулердің ұрлап кеткені қаншалықты рас

Бүркіт құжаты жоқ ескі көліктер сатып алмақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар